Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Жазира Байырбекова 85 жастағы енесін көрсетті

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында 85 жастағы енесімен әңгімесін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

“Жанболатты дүниеге әкелген анамыз (енем) ғой. Жасы 85-те. "Туған күніңізді неге тойламайсыз" деген сұрақтарға жауабым осы. Апамның (енемнің) келін болып түскенде "біздің ауылда келіндер туған күнін тойламайды" дегені менің санамда қалып қойыпты. Қазір бәрі өзгерді. Тойлаймын десек, қарсы болмайды ғой. Аллаға шүкір. Аналарымыздың батасымен өсіп, өніп жатырмыз”, – деп жазды Жазира Байырбекова.

Тұрмысқа шыққалы туған күн тойламағанын айтқан әнші көпшіліктің қошеметіне кенелді.

“Ене бол айналайын! Ұлың үйленіп, Дараңды ұзатып ене болуға нәсіп етсін”, “Осы қыздан жастар үлгі-өнеге алу керек деп ойлаймын”, “Міне, қазақтар осы апамыз сияқты кимешек орамал таққан керемет”, “Сосын екен ғой жап-жас болып жүргенің, Жазира”, “Сізге де жақсы келін мен ене болу бұйырсын”, – ақ тілегін жаудырды желідегілер.

 

Талқылау