Әнші тікелей эфир кезінде кенеттен қаза болды
Румыниялық әнші Тави Пустиу көлік ішінде әлеуметтік желідегі тікелей эфирде отырған кезде пойызбен соқтығысып, қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кадрдан оның көліктегі әрекеттерін көруге болады. Әнші темекі шегіп, музыка тыңдап отырған. Ал көлікті оның әйелі айдаған. Соңғы секундтарда ол басын жанына қарай бұрып, айқайлай бастайды. Осыдан кейін видео тоқтап қалады.
Апат салдарынан Тави оқиға орнында қаза болғаны белгілі, ал оның әйелі тіршілікті қамтамасыз ету аппаратында ауыр жағдайда жатыр.
Айта кетейік, 29 жастағы Тави Пустиу Румынияның танылып келе жатқан музыкалық жұлдыздарының бірі болып саналды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн