Әнші Say Mo қалыңдық атанды
Вайнер мен актер Шәріп Серік Say Mo есімімен танымал әнші Мөлдір Есембекке үйленуге ұсыныс жасап, келісімін алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдағы мекемелердің бірінде өткен салтанатты шарадан кадрларды Instagram парақшасында әншінің өзі және болашақ ерлі-зайыптылардың достары жариялады.
Кадрлардан актердің алдымен сүйіктісіне ән арнап, кейін тізерлеп отырып ұсыныс жасағанын байқауға болады. Say Mo қуана келісім берді.
Айта кетейік, Шәріп Серік Instagram-дағы қысқа әзіл роликтерімен танымал. Ол сондай-ақ "Районы", "Бизнесмены" және "Махаббат кафесі" фильмдерінде ойнады.
Say Mo TNT-де "Песни" жобасына қатысқаннан кейін танымал болды. Қазақстандық әнші шоудың финалына өткен жоқ, алайда оның Назима Жәнібековамен (Назима) бірге көрсеткен өнерін Тимати жоғары бағалады. Кейін ол тіпті Say Mo-ға келісімшарт ұсынды, бірақ ол BlackStar лейблынан бас тартты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”