Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Атына кір келтірді": Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындағанына қатысты шу шықты

Фото: Stan.kz

Әнші Самат Жанғазин Қайрат Нұртас оның репертуарындағы жаңа әнін рұқсатсыз орындап жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі авторлық құқығы барын айтып, сотқа жүгінбей, әншімен байланысуды ойлаған. 

"Қайрат Нұртас бауырым күндіз-түні жазып шыққан әнімді рұқсатсыз орындап жүр. Композитор Дәурен Шәріп ағамызбен былтырдан бері дайындадық. Күні-түні ұйықтамай студияда жаздық. Аранжировкасын Азамат Сәбетов есімді бауырымыз жасады. Осындай еңбекпен жарық көрген әнді сұрамай жаза салу деген қалай түсінесіздер?", – дейді әнші әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.



Жас әншінің сөзінше, әлеуметтік желіге жазғаннан кейін Қайрат Нұртастың өкілі хабарласқан. 

"Енді бұл әнді жарыққа шығарып, "Той-думан" радиосына барып тұсаукесерін жасадық. Сол кезде Қайрат бауырымыздың видеоларын жібереді. Адамгершілікке салынып, Қайрат бауырымызды сыйлаймыз. Жолы үлкен. Ондай нәрсе істеу олардың репутацияларына және командасына кір келтіреді. Мен адамгершілікке салынып, сотқа жүгінген жоқпын. Авторлық құқыққа жазған жоқпын. Өздерінен күттім. Сөйтсем Салтанат деген админстраторы "Жазыпсыз хабарласыңыз деп, хабарласып тұрмыз ал" деді. "Кешірерсіз Салтанат, сіз хабарласуға міндеттісіз. Олай “одолжение” жасамаңыз", дедім. Білмеймін, адамдарда адамгершілік болуы керек. Осындай әрекеттерімен атына кір келтірді. Енді Дәурен ағамызға хабарласып "Ақшасын берейік, басқасын берейік, келісімшарт жасайық" деген секілді хабарласып жатыр екен. Сонда мені аттап кетіп, осындай тірлік жасап жатыр. Білмеймін, легенда, легенда деген сайын... Легендаға сай болу керек қой. Легенда – үлкен мағына, үлкен ат. Мен сіздерді түсінбедім. Сіздер қалай ойлайсыздар? "О махаббат, ғажапсың" деген әнім осындай болып жатыр", – дейді әнші.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025 15:06
Талқылау