Әнші Ренат Басит қызтекелердің кесірінен желідегі парақшасын өшіріп тастамақ
«Азия» тобының әншісі Ренат Басит қоғамда қызтекелердің көбейіп кеткеніне қынжылады. Әнші осы себеппен әлеуметтік желідегі парақшасын бірнеше рет өшіріп тастауға бел буғанын айтты.
«Қазір қызтекелер көбейіп кетті ғой. Солар өзінің ернін көрсетіп, жігітке жарасымды емес қылықтар жасайды. Сондай кезде инстаграмды өшіргім келеді. Біреулердің кішкентай балаларын ұрып, зорлап жатқан видеоларын көрген кезде әлеуметтік желіден шыққым келеді», – деді әнші НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.
Әншінің сахналас-досы Сиви Махмуди онымен келіспейді. Оның айтуынша, Instagram парақшасын өшіру – өмірден түңілгенмен бірдей.
«Құдай сақтасын. Менің жобаларым, кәсібім бар. Ол үшін маған инстаграм керек. Парақшамды өшіріп тастау үшін мен бәрінен айырылып қалуым керек қой. Жұртқа масқараланып, ешқандай дүнием қалмауы тиіс. Құдай сақтасын, ондайға күнімді қаратпасын. Инстаграмдағы парақшаны өшіру – өмірден түңіліп кеткенмен бірдей», – деді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева: Бетімнің кем-кетік тұстарын есіме сала берудің қажеті жоқ
Төртеу және одан көп: Көп балалы қазақстандық танымал отбасылар (фото)
“Ninety one” тобы халық әнін орындап айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)
Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды