Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Рано Омарова күйеуімен ажырасып кеткенін айтты

Бұрынғы Дауыс International тобының мүшесі, топтың жаңа құрамының басшысы Рано Омарова күйеуімен ажырасып кетті. Өнер жолын отбасы үшін тастап кеткен ару бүгінде жолдасымен де қош айтысқан. 

Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлайды.

Рано Омарова өзі жетекшілік еткен Дауыс International тобын таратып жатыр. Оған өзіндік себеп бар.

"Қыздар бір-екі рет ән шырқаған соң жеке әнші болғысы келеді. Не өзін экранға аз көрсетті деп көңілі толмайды. Осындай келеңсіздіктерге байланысты топ құрамын қайта-қайта жаңартып отыруға тура келді", - деді Рано.

Өнерден біршама уақыт қол үзіп кеткен сылқым мұндай қадамға отбасы үшін барғанын айтады. Тұрмысқа шығып, бір баланың анасы атанды. Өнер әлемінен алыстай берді. Алайда қазір жолдасы екеуі екі бөлек тұрады.


"Менде омырау жоқ болса, сенде ми жоқ": Рано Омарова оқырманын орнына қойды


"Халықтан ешнәрсе жасыра алмайсың. Бәрін біледі. Менің бөлек тұратынымды да біледі. Күйеуіммен ажырасып кеткенмін. Бірақ ара қатынасымыз жақсы. Баланың ата-анасы болып қала береміз. Балам әкесін жақсы көреді. Сондықтан мен ол туралы ешнәрсе айта алмаймын. Біз баламыз үшін жақсы қатынасты сақтадық. Балам әкесі секілді мықты спортшы болғысы келеді. Бірақ әлі ерте. Ол небәрі 4 жаста", - деді Омарова.

Рано Арман есімді азаматпен 2016 жылы бас қосты. Олардың ортақ Амирхан атты балалары бар. 

Бір сұхбатында Рано жолдасының көпшілік алдына шыққысы келмейтінін, сондықтан оны суретін көп жүктемейтінін айтқан. 

Талқылау