Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін соққыға жыққан

Танымал қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов әйелін соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gakku.kz

Әншінің бұл әрекеті туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

"Қазір Рахат ән айтпайды, есесіне әйелін ұрады. Қазан айында ол әйеліне қол көтеріп, полиция араласуға мәжбүр болған. Сотта әйелі күйеуімен татуласып, әнші жазаланбады", — делінген жазбада. 

Құжаттарда сот отырысында Рахат Тұрлыхановтың іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәсін мойындағаны айтылған. Сот тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 31 Қазан, 2023 19:26
Талқылау