Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Мұқасан Шахзадаев лауазымды қызметке тағайындалды

"Нұр-Мұқасан" тобының экс-солисі Мұқасан Шахзадаев лауазымды қызметке тағайындалды. Бұл туралы Алматы қалалық мәдениет басқармасында мәлімдеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әнші Мұқасан Шахзадаев "Алматы әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Мұқасан Шахзадаев 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған дүниеге келген. 1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін тәмамдаған.

1990 жылы "Нұр-Мұқасан" дуэтін құрып,  25 жыл өнер көрсетті.

Әнші - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр