Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Мақпал Исабекова өкінішін жасырмады

Желі қолданушыларының сынының астында жиі қалатын Мақпал Исабекова соңғы кезде өзгерген-ді. Тіпті өзінің түрлі қылығын балалыққа балап, достасуға шақырған. Әнші енді өнердегі ағаларының алдында басын иетінін айтып, Батырхан Шұкеновтың  көзі тірісінде оны ерекше жақсы көретінін айта алмағаны үшін өкінді.

9224476

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Ринат Зайытовтың сұхбатын көрдім. Өмірлік ұстанымдарына адал бірегей тұлға. Шындық үшін жанынын аямайтын жан. Одан қандай атағының бар екендігі туралы сұраған кезде, “Маған атақтың керегі жоқ. Берген күннің өзінде қайтарып беретін едім өздеріне!” деді. Осы сәтте көздеріне зер салсаңыз, бірде-бір жасандылықты байқамайсыз. Мұндайда “Өз заманының батыры” дейді. Адал, шынайы, мінезді азамат, өзінің ісін білетін, өзінің елін сүйетін халқының айнымас ұлы”, – деп айтыскер ақынды туған күнімен құттықтады.

Әншінің айтуынша, Ринат Зайытовтың әлеуметтік желіде отырмауына шынайы өмірдің әр сәтінен ләззат ала білетіндігі себеп.

image

“Бұл сурет неге тұр деп ойлап тұрған шығарсыздар?! Мен шын талантты көзі тірісінде, қасымызда жүрген кезде бағалауымыз керектігін айтқым келеді. Олардың қаншалықты талантты екенін, халыққа керек екенін жиі айтқанымыз жөн! Батырды сағынып жүрмін. Оған көп нәрсе айтып үлгермедім. Кезінде үнсіз қалмауым керек еді…”, – деп әнші жүректен шыққан махаббатты иесіне бірден жеткізуге кеңес берді.

Бұдан өзге Мақпал Исабекова әнші Батырхан қайтыс болған кезде “Бірнәрсе айту қиын. Дәл қазір жаным мен жүрегімнің қаншалықты қиналып жатқанын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Батыр аға… Батыр… Сіз дәл бұлай арамыздан күтпеген жерден ерте кетіп қалмауыңыз керек еді. Мен сізге көп нәрсе айтып үлгермедім. Жүрегімдегі сізге деген махаббатымды, алғысымды жеткізе алмадым.  Сіздің әніңіз ғана емес, өзіңіз де мәңгілік жадымызда өмір сүресіз. Көп рахмет. Сізді мәңгілік сүйемін, ешқашан ұмытаймын”, – деп күйінішін жеткізген-ді.

Естеріңізге сала кетсек, жаттығу залына барған Исабекованың жігіттерден не себепті ұялғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау