Әнші Луинаның сүйіктісі өзінің продюсері Жомарт Сүлейменов болып шықты
Иә, халықтан ештеңені жасыру мүмкін емес. Луина продюсері Жомарт Сүлейменовпен қарым-қатынасын ұзаққа дейін жасыра алмады.
Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлады.
Әнші өз продюсерімен бірнеше жылдан бері азаматтық некеде тұратын болып шықты. Тіпті, Луинаның саусағында екеуінің махаббатын дәлелдейтін татуировка бар.
Мамандардың айтуынша, әншінің саусағындағы жазба араб тілінен аударғанда «Жомарт» дегенді білдіреді. Луина продюсерінің есімін денесіне тектен-тек мәңгілікке қалдырар ма еді?
Эстрада жұлдызы жақында бар шындықты өзі айтып береді. Ал біз Луина мен Жомарттың тойынан фоторепортаж жасайтын күнді асыға күтеміз.
Айта кетейік, бұдан бұрын Луинаның тұрмысқа шығуға дайындалып жүргенін жазған болатынбыз. Әнші той салондарының бірінен көйлек таңдаған. Сондай-ақ, тілшілерге тұрмыс құрып, балалы болғысы келетінін айтқан.
Жіберіп алмаңыз:
Тыңдармандары су киімімен көлік жүргізген Луинаны сынап тастады (фото)
Луина әріптесі Раноның ұлына кіндік шеше болды (фото)
Луина қызбен сүйісіп, ортаңғы саусағын көрсетіп суретке түскені үшін сынның астында қалды (фото)
Луина 29 жасқа толған туған күнін достарымен бірге атап өтті (фото, видео)