Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Линдси Лохан жалаңаштанған кеудесін мұсылман белгісімен жапты

Атышулы актриса әрі әнші Линдси Лохан тағы да желідегі қызу әңгімеге арқау болды. Бұл жолы 30 жастағы жұлдыз жалаңаштанған кеудесін мұсылманша белгімен жасырып тұрған суретін салды.

7474

Сурет оның Инстаграм парақшасында жарияланды. Ә дегеннен ондағы пікірлер саны бірнешеуге көбейген. Көпшілігі оны бұл әрекеті үшін сынаған.

Құдайға қарсы келерлік іс жасады деп оны бәрі айыптаған. Алайда жарты сағаттан кейін Лохан шуға айналған суретті өшіріп тастады. Еске сала кетсек, әнші жақында ғана Сирия мен Түркияға барып қайтқан еді. Сірә, діни мәндегі затты сол жақтан алып келсе керек.

Жақында ғана Лохан Ресейде жүріп біраз шу жасады. Әуелі қатты мас болып қалып Малаховтың әйгілі “Пусть говорят” шоуына бара алмады. Сосын түнгі клубтардың бірінде өзінің танысына телефонымды ұрладың деп жала жапқан. Кейін белгілі болғандай қымбат кешкі асқа ақшасы жетпей қалған әнші, осындай әрекетке барыпты.

Талқылау