Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Лидо көп балалы ана атанды

Танымал әнші Лидо Досалина төртінші баласын дүниеге алып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Лидо

Сурет: comode.kz

Қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті. 

«Бізді құттықтай берсеңіздер болады! 28 тамыз күні тағы бір ханшайым дүниеге келді. Есімі Рамина. Салмағы – 3 280, бойы – 51 сантиметр. Бұл жолы өте оңай және тез босандым. Ана мен қыздың жағдайы тамаша. Мені жоғалтып алмаңыздар», - деп жазды ол. 


Ана туралы қазақша 5 үздік өлең >>>

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде әншінің қуанышын бөлісіп, сәбиге ұзақ ғұмыр мен бақыт тіледі. 
 

Талқылау