Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лидо алғаш рет “кәрі, семіз әрі тақыр басты” күйеуін көрсетті (фото)

Киіну стилімен ерекшеленетін әнші Лидо жуырда отбасымен бірге Түркияда демалып қайтты. Әдетте жеке өмірі туралы айта бермейтін Лидо бұл жолы тыңдарманның қалауын орындаған. Ол елге орала салысымен, өмірлік жарының суретін жариялады.

20066747_333334107104576_3112870533817958400_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Міне менің кәрі, тақыр басты және семіз күйеуім”, – деп жазды Лидо желідегі оқырмандарын күлкіге қарық қылып.

19764960_446025955778731_4960420964677451776_n

Көпшілік әншінің жарының кәрі емес екенін, сымбаты мен түр-тұлғасы келіскен азамат екенін айтып жатты.

Ал шын мәнінде Лидо бұл сөздерді астарлы мағынада жазған екен.

“Арасында желідегі оқырмандарды да еркелетіп тұру керек. Себебі халыққа әртістердің жеке өмірі қызық. Ал бұл жазбаны күйеуім екеуміз ақылдасып отырып жаздық. Себебі жұрт: “Лидо өзінен біршама жас үлкен “көкеге” тұрмысқа шыққан. Мүмкін ол семіз әрі ұсқынсыз шығар. Бірақ бай болуы керек”, – деп жиі жазады. Оған күйеуім екеуміз күлеміз”, – деп түсіндірді Лидо НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.

Жіберіп алмаңыз:

Меруерт Түсіпбаева жаңа үйін көрсетіп мақтанды (видео)

 Ділназ Ахмадиева омырауын үлкейтпекші

Ғаламтор “құлына” айналған аруларға ән арнаған Серік Ибрагимов елді риза етті (видео)

Баян Мақсатқызы: Ер болып жаралсам, гей болар едім

Талқылау