Әнші Кеңес Әлімжан шаңырақ көтерді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал хит әндердің орындаушысы Кеңес Әлімжан шаңырақ көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің қыз ұзатудағы видеосы әлеуметтік желіге тарады.
Халыққа кеңінен тараған “Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?”, “Бозторғай ана” әнінің авторы Кеңес Әлімжан Зарина есімді аруды қолына қондырды.
Желі қолданушылардың сөзіне сенсек, қалыңдық әншіден бес жасқа кіші көрінеді.
“Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Суан елінен Зарина деген қызымызды алып жатыр. Жастар бақытты болсын! 16 қыркүйек үйлену тойы”, “Басыңды төрге сүйрейтін жар болсын!”, “Қашан кімге үйленеді екен деп жүр едік, құтты болсын”, “Жол апатына түсті деп жатыр еді, аман-есен болсын”, “Келіншегі әдемі екен”, “Менің жақсы көретін әншім”, “Даусы ерекше әнші”, “Қызымыздың жасы 26-да, 5 жас кіші жігіттен” – деп жазды көпшілік.
-
"Үшінші рет шаңырақ көтердім": Мұрат Әбділда жеке өміріне қатысты шындықты айтты
-
"Орамалдағы қыз көнер": Жахан Отарғалиев үшінші рет шаңырақ көтерді (видео)
Еске салайық, наурыз айында өнер иесі жол апатына түсіп, аман қалғанын жазып едік.
“Жайсыз хабардың таралып кетуін қаламаған едім. Бірақ жан-жақтан хабарласып, тілеулес болып жатқан ағайынға мың алғыс! Дұрыс ұйықтап жүріңіздер! Ұйықтамағанның кесірінен қалғып кетіп, жолдан шығып кеттім. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікке соқпай, өтіп кеттік. Менің жағдайым жақсы. Темір де орнына келер. Ең бастысы, аман қалдық”, – деген еді әнші.
@user2972672452232 #кенесалимжан✔️🎼🎼❤️🔥 #TikTok #fyp #длятвоейстраницы #вирусный ♬ Жаратқаннан сені тіледім - Кеңес Әлімжан

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
