Фото: Stan.kz
Жаңажылдық корпоративтер еліміздің шоу-бизнесі өкілдері үшін ең қарбалас кезең. Желтоқсанда өнер көрсетудің бағасы күрт өсіп, әртістердің жұмыс кестесі толып тұрады. Осы тұста Stan.kz тілшісі ұйымдастырушылардан қазақстандық эстрада жұлдыздарын жаңажылдық кешке шақыру қанша тұратынын сұрады.
Ерке Есмахан – 7 миллион теңге
Жаңа жыл қарсаңында ең жоғары ақы алатын әртістердің бірі Ерке Есмахан болып отыр. Әнші бір шыққанда 5 ән орындайды, ол үшін 7 миллион теңге алады. Бұған қарамастан қазақстандықтар өнер иесінің күндерін алып үлгеру үшін алдын ала жазылады, мәселен ол желтоқсанда мүлде бос емес, ал қаңтардың алғашқы онкүндігіне тапсырыс қабылданып қойған.

RaiM – 7 миллион теңге
Ең қымбат әншілердің көшін бастап тұрған Ерке Есмаханның күйеуі RaiM-ның да гонорары 7 миллион теңге алады. Ол бір шыққанда 7 ән орындайды. Райымбек Бақтыгереевтің желтоқсанда бос күндері жоқ, оған тек қаңтардың ортасынан бастап жазылуға болады.

Қайрат Нұртас – 7 миллион теңге
Елге белгілі әртістің гонорары – 7 миллион теңге, алайда брондау кезінде оның шарттары маңызды рөл атқарады. Алдын ала төлем 70% төлем жасалуге тиіс, қалған сома іс-шараға бір апта қалғанда төленеді. Қазақстан эстрадасының аңыз әртісі тек 2020 жылдан жаңа премиум-класс көліктермен жүреді, ал ұшаққа билет VIP/CIP залдарынан алынуы шарт. Дайындық бөлмесінде міндетті түрде ыстық тамақ, халал ет ассортиі, бөдене жұмыртқасы және энергетикалық сусындар тұруы қажет.

Мирас Жүгінісов – 5 миллион теңге
Әртістің өнер көрсету құны – 5 миллион теңге. Бір шыққанда 30 минутқа дейін өнер көрсетеді.
Егер өзге қалаға шақырылса, сапарға директоры мен дыбыс режиссерымен бірге шығады, ұшаққа билет тек бизнес-класстан алынуы шарт. Дайындық бөлмесіне тек даяшылар мен ұйымдастырушылар кіре алады, ал тұруға бөлме Ritz, Hilton немесе Sheraton сияқты деңгейдегі қонақүйлерден алынуға тиіс. Егер райдердегі шарттар сақталмаса, әнші өнер көрсетпейді, ал әртістің директоры алдын ала төленген ақшаны қайтармайды.

Alem – 5 миллион теңге
Биыл топжарған әнші Alem-нің гонорары 5 миллион теңге. Бағдарлама бойынша “Kuiim”, “Superhero”, “Kim?”, “Elestet”, “Daiynbyz ba?”, “Kuiimең” секілді танымал әндерін айтады, кейбірін биске шығарып орындауға болады. Толықұ соманың 50% алдын ала төленуге тиіс, қалған 50% іс-шараға бір апта қалғанда төленеді, банк арқылы төлеу кезінде 10% ҚҚС қосылады. Райдерге Air Astana авиарейсіне (екі бизнес-класс орын), жаңа жылғы Mercedes V-Class немесе Voyah Dream көлігінде трансфер, сондай-ақ күніне 50 000 теңге күндік шығындар кіреді. Тапсырыс беруші тарапынан іс-шараның тоқтатылса алдын ала төлем қайтарылмайды.

Роза Рымбаева – $6 000 бастап (3 миллион теңге)
Халық әртісі Роза Рымбаева да сұранысқа ие. Оның өнер көрсету құны өнер көрсетілетін күн мен қалаға байланысты. Қарапайым корпоратив $6 000 (шамамен 3 миллион теңге), Алматыдағы мерекелік кеш $10 000 (шамамен 5 миллион теңге), ал сырттағы іс-шаралар $15 000 (шамамен 7 миллион теңге) немесе жаңажылдық өнер көрсету болса $20 000 (шамамен 10 миллион теңге) тұрады.

Айқын Төлепберген – 3 миллион теңге
Халықтың сұраулы әншісі Айқын Төлепбергеннің өнер көрсету құны 3 миллион теңге тұрады. Ол бір шыққанда 30 минут бойы өнер көрсетеді.

Ернар Амандық – 2,5 миллион теңге
Салыстырмалы түрде қалта көтеретін әншілердің бірі Қазақстан жастарының сүйікті әншісі Ернар Амандық болып отыр. Оның өнер көрсетуі салықтарды есепке алмағанда 2,5 миллион теңге. Гонорардың 50% алдын ала төленеді, қалған 50% әртіс сахнаға шыққанға дейін төленуге тиіс.
Егер кеш өзге қалада өтетін болса, әншімен бірге оның жауапты директоры мен жеке дыбыс режиссерінің шығындары төленуі шарт. Әнші қала орталығында жағдайы жақсы қонақүйде тұрады, ал қала ішінде жеке жүргізушісі бар бизнес-классындағы көлікпен жүреді. Әуе билеттері ұйымдастырушы тарапынан төленеді.
Сәкен Майғазиев – 1,5 миллион теңге
“Музарт тобының” мүшесі Сәкен Майғазиев кеште 4 ән шырқағаны үшін 1,5 миллион теңге алады.

Жанболат пен Жазира – 1,5 миллион теңге
Жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың өнер көрсетуі 1,5 миллион теңге. Өнерлі отбасы бір шыққанда 5 ән шырқайды.

Айкерім Қалаубаева – 1 миллион теңге
Жоғарыдағы әншілердің ішіндегі ең арзан әнші қазақтың ерке әншісі Айкерім Қалаубаева болып шықты. Ол бір шыққанда 3-4 туындысын орындағаны үшін 1 миллион теңге алады.

Алайда танымал орындаушыны шақырғанда гонорар жалпы шығынның бір бөлігі ғана екенін есте ұстаған жөн. Тапсырыс беруші әуе билеттерін, люкс санатындағы қонақүйлерде тұруды, премиум-класс автокөліктерімен трансферді және райдердегі барлық талапты орындауды да өз мойнына алады. Әртістердің көпшілігі 50–70% көлеміндегі қайтарымсыз алдын ала төлеммен жұмыс істейді.