Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Әнші Ердос Қанаевтың жас кезінде айтқан әні көпшілікті күлдірді

Фото: Жеке парақшадан алынды

"Жігіттер" тобының мүшесі Ердос Қанаев бірнеше жыл бұрын жарық көрген клипі желіде хитке айналғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі қолданушылары әншінің әнін Tik-Tok-қа салып жіберген. 

"Оооу, ағайын инста әлемінде не болып жатыр? Бірақ тик-ток әлемінде әніңіз хит болып жатыр деп осымен мына видеоны бірнеше адам жіберді. Шынымды айтайын, қай жері хит боп жатқанын өзім түсінбедім. Жастық шақ қой", – деп жазды әнші. 


  • "Аппаратты өзің өшір деді": Ердос Қанаевтың әйелі марқұм ұлын есіне алды

  • "Мен көліктен, Ердос ұшақтан қорқады": Айдар Тұрғамбек ірі жол апатына қалай түскенін айтып берді


Өнер иесінің тыңдармандары түрлі пікір білдіріп, әншінің “Компьютер” әнін қызу талдап жатыр. 

“Жұмысқа тұрар кезде компьютерді үйренгенсің бе, меңгергенсің бе деп сұрағанда жауап беретін ән екен”, “Масқара мынадай ән де болған ба?!”, “Мынау “Менің мамандығым – мақтанышым” атты байқаудың әнұраны сияқты”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, “Жігіттер” тобының мүшесі, әнші Бағлан Әбдірайымовтың ерлі-зайыптыларға қатысты пікірі дауға қалған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 08 Мамыр, 2025 09:35
Талқылау