Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Динара Сұлтан бесінші рет ана атанды

Белгілі әнші Динара Сұлтан бесінші мәрте ана атанды. Ол жары Ерлан Қожасбайға ұл сыйлады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Қош келдің, ұлым менің, жылы тілектеріңізге рахмет достарым”, – деп қуанышымен бөлісті Динара желідегі парақшасында.

Инста-оқырмандар әншіні және отбасын құттықтап, ақ тілектерін жолдады. Динараның өзі жарының бұл жаңалықты қалай қабылдағанын айтып, жұртты күлдірді. Ол күйеуінің желідегі постын жариялады.

Ана туралы қазақша 5 үздік өлең >>>

“Тоғызыншы ұлыңнан қорық, дұшпаным! Менің әйелім – батыр-қыз. Таңертең балаларды тамақтандырып, өзі рөлге отырып емханаға кетті. Ұл туып, шырылдап жатқан батырдың видеосын жіберді. Оған қоса, мені кешке асқа күтетінін айтты. Тамақ әзірлеп үлгереді деп үміттенемін. Ал бұл уақытта мен тағы бір ұлыммен кездесуге асығып, жолда келе жаттым”, – деп жазған кәсіпкер Ерлан Қожасбай.

Динараның өзі болса “шынында осылай болды” деп желідегі оқырмандарын күлдірді.

 

Талқылау