Әнші боп туған жоқпын: Роза Рымбаева күйеуімен бірге қандай жұмыстар істегенін айтты
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева әнші болып тумағанын, бала кезде ел қатарлы қиыншылық көргенін айтып берді. Максим Галкиннің “Сегодня вечером” бағдарламасына қатысқан әнші марқұм күйеуімен бірге жұмыс істеген жылдары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz.
“Мен бірден әнші боп туған жоқпын. Қарапайым ауылдың қызымын, анама үй шаруашылығымен көмектесетінмін, сиыр сауатынмын”, – деп еске алды Роза Қуанышқызы.
Бұдан кейін Рымбаева марқұм күйеуі Тасқын Оқаповтың қандай музыкант болғанын баяндады.
“Күйеуім музыкант, дирижер, аранжировщик болатын. Ол менің оркестрімді басқарды, сондай-ақ қазіргі “А-студио” тобының әншілері кезінде ән салған “Арай” тобын құрды. Біз 10 жыл бірге жұмыс істедік. Кейін басқа әншілер бөлініп, өз топтарын құрды. Ал мен жеке әнші ретінде қалдым”, – дейді Рымбаева.
Жіберіп алмаңыз:
Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек
Мейрамбекке “жабысып алған” Меруерт Түсіпбаева желіні шулатты (фото)
Төреғалимен дуэт айтқан түрік әншісі енді Еркенің “Қайда?” хитіне қол сұқты (видео)
Мақпал Жүнісова: Қызым әнді жақсы айтады, бірақ әнші болғысы келмейді