Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейонсенің байлығы 1 млрд долларға жетті: Бұған дейін мұндай жетістікке тек 4 музыкант жеткен

Бейонсе миллиардер болдыФото: Getty Images

Әлемге танымал әнші Бейонсенің байлығы 1 миллиард долларға (505 миллиард теңгеге жуық) жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әртістің жағдайы туралы мәлімдемені Forbes USA хабарлады. Осылайша ол күйеуі Jay-Z, әнші Рианна және музыкант Брюс Спрингстин секілді миллиардер музыканттар қатарына қосылды.

Forbes USA мәліметінше, 2023 жылы Бейонсе The Renaissance World Tour атты әлемдік турға шығып, жылдың ең үлкен концерттік сенсацияларының біріне айналды. Тур шамамен 600 миллион доллар (300 миллиард теңге) табыс әкелген. 2024 жылы әнші Cowboy Carter атты кантри-альбомын шығарды. Басылымның ақпаратына сәйкес, бұл альбом оған Рождество күні NFL ойынының үзілісінде өнер көрсетуге мүмкіндік беріп, сондай-ақ 2025 жылғы ең көп табыс әкелген концерттік турды қамтамасыз еткен.

Әншінің байлығының басым бөлігі оның музыкасына құқықтарды бақылауы және әлемдік гастрольдерден түсетін кіріс есебінен қалыптасқан. 2010 жылы Бейонсе Parkwood Entertainment компаниясын құрды, ол оның барлық музыкасы, деректі фильмдері мен концерттерінің продюсерлік етеді. Бұған қоса Бейонсеге Cécred шаш күтіміне арналған өнімдер бренді, SirDavis виски маркасы және Ivy Park киім желісі тиесілі.

“Өзімді өзім басқаруға шешім қабылдағанда, ірі менеджмент компаниясына жүгінбеу мен үшін маңызды болды. Мадоннаның жолын қуып, ықпалды тұлғаға айналып, өз империямды құрғым келді. Басқа әйелдерге де мансапта осындай деңгейге жеткенде, біреумен келісімшарт жасасып, ақшаң мен табысыңды бөлісудің міндетті емесін – мұның бәрін өзің-ақ жасай алатыныңды көрсеткім келді”, – деген еді Бейонсе 2013 жылы.

Айта кетейік, бұған дейін әйгілі әнші Тейлор Свифт әлемдік турынан кейін командасын сыйлықақымен таңғалдырғаны хабарланған еді. 

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 30 Желтоқсан, 2025 11:48