Әнші Бейбіт Қорған ұшақта мас күйінде шу шығарғаны үшін жауапқа тартылды
Фото: Бейбіт Қорғанның желідегі парақшасынан
Әнші Бейбіт Қорған ұшақтағы тәртіпсіздігі үшін сот жауапкершілігіне тартылды. Алматыдан Атырауға ұшқан рейсте мас күйінде дөрекі сөздер айтып, әуе компаниясының ережелеріне бағынудан бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде журналист Михаил Козачков әнші Бейбіт Қорған ұшақтағы оқиғаға байланысты басы дауға қалғанын жазды.
"Алматыдан Атырауға бағытталған әуе рейсі кезінде ол мас күйінде бірнеше дөрекі сөздер айтып, әуе компаниясының ережелеріне бағынудан бас тартқан. Оқиға салдарынан әнші полиция қызметкерлеріне тапсырылды", – делінген жазбада.
Тәртіп сақшылары әншіге "Ұсақ бұзақылық" және "Құқық қорғау органының талабына бағынбау" баптары бойынша хаттама толтырды.
"Бүгін Атырауда Қорғанның соты өтіп, ол аталған екі құқықбұзушылық бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен әншіге 196 мың теңге айыппұл салынды", – деді журналист.
Бостандыққа шыққан рэп орындаушы Қаракесекті концертке кіргізбей қойды
"Интимдік массаж салонында ұсталған": Тұрсынбек Қабатов өзіне қатысты сыбыстарға жауап берді
Еске салайық, бұған дейін танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы әуежайда жанжал шығарып, оны видеоға түсіруге тырысқан әйелдің телефонын қағып алған. Сот оны ұсақ бұзақылық үшін кінәлі деп тауып, 78 640 теңге айыппұл салды. Әнші кінәсін мойындап, кешірім сұрады және ұшар алдында ішімдік ішкенін айтты.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
