Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бағлан Әбдірайымов басы дауға қалған Төреғали Төреәліні сын астына алды

Әнші Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен концертінде сахна төрінде тұрып қарияға ұрысып, залдан шығып кетуін сұрағаннан кейін басы дауға қалған еді. Атышулы видео желіні шарлап кеткеннен кейін көпшілік наразылығын білдірді. Тіпті әншіні өнердегі әріптестері де сын астына алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Бағлан Әбдірайымов Instagram желісіндегі парақшасында Төреғали Төреләні сынап, халықтан кешірім сұрауға шақырды.

«Ақылың бар жігітсің ғой, Төреш! Елден безіп қайда барасың? Кешірім сұрап, ел алдына шық! Шашпен сырғаны жыр ғып жүргенде, қате болыпты мұның. Концертте ел тұрып кетпегеніне қарағанда, сол залдағылар сені түсінген ғой. Қатең болса мойындап, анық – қанығын айт. Кешірімді xалықпыз. Түсінер сені», – деп жазды әнші.

 

Сонымен қатар шоу-бизнес саласында жүрген журналист Перизат Мырзахмет те Төреғалиды сынап, концертке ақшамен кіргізіп, боқтаған адамды алғаш көргенін айтты.

«Қазақ», «қазақ өнері», «қазақ тілі, ділі» – кез келген кемшілікті бүркей салуға ыңғайлы ойыншыққа айналды. «Қазақ өнеріне қызмет етіп жүрмін» десе болды, басымызға жапаласа да шыдап, көніп отыра беретін жағдайға жетіппіз. Отыра бергенің жай ма, «қазағым ғой», «сүрінбейтін тұяқ жоқ» деп жалпақ шешейге айналып, қорғап, қолдап, жапасын қуыс-қуысқа тығатын болыппыз. «Бәлен деген батырдың, түген дейтін шешеннің ұрпағымын» дейтін қазақ кеше шыққан әншінің боқауызын естіді. Кімнен таяқ жемедің, кімнен сөз естімедің, қазақ? Болды ғой. Сыртқы жүнімізді қанша қампайтқанымызбен ішіміздің іріп кеткені осы. Мәдениет дәнін себу керектер саxнада жапасын жайып тастады. Әншіде де әнші бар. Тырнағының сынығы алтын өнерпаз бар. Бірақ мың өнерпаз жиналып xалықтан биік бола алмайды!

Төреғали, «монтаж, өтірік» деп өтірікке тығыла берме. Шыға алмай қаласың. Мойында да кешірім сұра. Талай тентекті кешірген xалық бұл. «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген қазақ бұл! Сыйла еліңді. Шынымен бұл ұлы даланың сөз сыйлайтын ұлы болсаң шық та, кешірім сұра! Ешкім дүре соқпайды.

Кешеден бері «жазбайм, айтаққа қосылмайм» деп өзімді басып отыр ем. Бірақ кей қазақтың не аңқаулықтан, не мақаулықтан «монтаж екен» деп отырғаны өтіп кетті. Мен xалық деген ұғымның қасиетті екеніне сенемін. Мен осы былық бизнестің ішінде жүргендіктен әркімнің камера алдында кім екенін, камера сыртында не екенін білемін. «Әкесін ұрғанды көргем, бірақ арбаға байлап қойып ұрғанды бірінші көрдім» демекші, концертке ақшамен кіргізіп алып боқтап тастағанды бірінші рет көрдім», – деп жазды журнлаист Instagram парақшасында.

 

“Қазақ”, “қазақ өнері”, “қазақ тілі, ділі” – кез келген кемшілікті бүркей салуға ыңғайлы ойыншыққа айналды. “Қазақ өнеріне қызмет етіп жүрмін” десе болды, басымызға жапаласа да шыдап, көніп отыра беретін жағдайға жетіппіз. Отыра бергенің жай ма, “қазағым ғой”, “сүрінбейтін тұяқ жоқ” деп жалпақ шешейге айналып, қорғап, қолдап, жапасын қуыс-қуысқа тығатын болыппыз. “Бәлен деген батырдың, түген дейтін шешеннің ұрпағымын” дейтін қазақ кеше шыққан әншінің боқауызын естіді. Кімнен таяқ жемедің, кімнен сөз естімедің, қазақ? Болды ғой. Сыртқы жүнімізді қанша қампайтқанымызбен ішіміздің іріп кеткені осы. Мәдениет дәнін себу керектер саxнада жапасын жайып тастады. Әншіде де әнші бар. Тырнағының сынығы алтын өнерпаз бар. Бірақ мың өнерпаз жиналып xалықтан биік бола алмайды! @toregalitoreali “монтаж, өтірік” деп өтірікке тығыла берме. Шыға алмай қаласың. Мойында да кешірім сұра. Талай тентекті кешірген xалық бұл. “Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш” деген қазақ бұл! Сыйла еліңді. Шынымен бұл ұлы даланың сөз сыйлайтын ұлы болсаң шық та, кешірім сұра! Ешкім дүре соқпайды. P.S. Кешеден бері “жазбайм, айтаққа қосылмайм” деп өзімді басып отыр ем. Бірақ кей қазақтың не аңқаулықтан, не мақаулықтан “монтаж екен” деп отырғаны өтіп кетті. Мен xалық деген ұғымның қасиетті екеніне сенемін. Мен осы былық бизнестің ішінде жүргендіктен әркімнің камера алдында кім екенін, камера сыртында не екенін білемін. “Әкесін ұрғанды көргем, бірақ арбаға байлап қойып ұрғанды бірінші көрдім” демекші, концертке ақшамен кіргізіп алып боқтап тастағанды бірінші рет көрдім.

Публикация от Перизат Мырзаxмет (@perizatmyrzakhmet)

Бұған дейін әнші Меруерт Түсіпбаева сахна төрінде тұрып, қарияға аузына келгенін айтқан әншіні сынаған еді. Ол әншінің өз жерлестеріне зекігені жанына батқанын айтты.

Айта кетсек, Төреғали Төреәлінің өзі дау туғызған видеоға қатысты пікір білдірген еді.

Ал еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады.

Оқи отырыңыз:

Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады

Экс-депутаттың зорлығына ұшырадым деген ШҚО тұрғыны халықтан көмек сұрады (видео)

Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады

Мейрамбек Бесбаев: Керемет әкемін деп айта алмаймын

Өз концертіне келген қарияны қуып шыққан Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді

Талқылау