Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бүркіт: Бала кездегі күнтізбем – қора тазалау, аула сыпыру еді

Әнші Бүркіт балалық шағын еске алып, қатал әке тәрбиесінен өткенін айтты.

“Мектеп. Мектептен шыға салып музыкалық мектеп. Үйге келген соң, үй тапсырмасын жасап болған соң немен айналысуға болады деген сұраққа , әкем: -Қораны тазала!
Қораны тазалап болған соң ? Әкем : -Су шашып, ауланы сыпыр!  Ауланы сыпырып болған соң ? Әкем : -Огородты суғар , тауықтарға жем сал. Содан соң кітап оқы!

10-сынып бітіргенше күнтізбем осындай еді. Бос уақытың болса да теледидарға жақындауға болмайды! Кешкі 20:30 дан 20:45 ке дейін “Спокойной ночи малыши” деген мультфильм көрсететін бағдарлама бар еді. Сол ғана менің заңды уақытым. Міне, шамамен осындай еді әкемнің тәрбиесі, Әльxамдулилляһ! Әкем биыл бұйыртса 81 жасқа келгелі отыр! Асқар таудай Әкелеріміз 100 жасасын!”, – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің әкесіне амандық, деніне саулық тіледі.

“Әкеңізге ұқсайды екенсіз”, “Әкеңіз жүз жасасын”, “Ұзақ ғұмыр тілейміз” деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Белгілі күйші Мұрагер Сауранбаев шаңырақ көтерді (фото, видео)

Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды

“Қоңыр” тобының бұрынғы әншісі: Жұрт ойлағандай опық жеп қалған жоқпын

Талқылау