Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Ayree екінші сәбиін дүниеге әкелді

Фото: https://www.instagram.com/ayreeofficial?

Көпшілікке Ayree лақап атымен танымал Әйгерім Рақыш екінші сәбиін дүниеге әкелді. Бүгін әншінің күйеуі мен өнер жолындағы достары сәбиді перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Айри құрбым мен Нұркен досым нәзік қыздың ата-анасы атанды. Кеше перзентханадан шығардық. Өте қуаныштымын, алтындарым”, – деп жазды ол.

Әйгерім Рақыштың өзі де парақшасында өзін құттықтаған жандарға алғыс білдірді.

“Қайырлы, бақытты таң. Бөлісетін фото, видео көп. Шүкір, үйге жаңа статуспен кіріп келдік, бақыттымыз. Тілеген тілектеріңізді оқып, қуанып жатырмыз. Сіздерге де жұғысты болсын”, – деп жазған ол.

Перзентханадан суреттерФото: https://www.instagram.com/bidash_official?

Айта кетейік, жұлдызды жұп қызын Зере деп атаған.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда әншіге сүйіктісі үйленуге ұсынысты Шанхай қаласында жасаған болатын. Кейінірек олар жаңа өмірге қадап басып, сүйіктісімен мешітте некесін қидырды. 

Сондай-ақ бұған дейін Ayree туған күнінде қуанышты жаңалығын бөлісіп, күйеуімен сәби күтіп жүргенін айтқаны хабарланған болатын.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 05 Қараша, 2025 16:02
Талқылау