Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Әнші Асхат Тарғын өз теңін тауып, шаңырақ көтерді. Оның қалыңдығы Әлия есімді 23 жастағы бойжеткен. Қазақстанның барлық қаласын аралап жүріп тапқан қалыңдыңдығы жайлы Асхаттың өзі алғаш рет Stan.kz сайты тілшісіне айтып, суретін көрсетті.

асхат2

Асхат Тарғын қалыңдығы Әлиямен бірге.

Әншінің өзі қазір 35 жаста. Оның бірінші әйелінен Айым есімді қызы бар. Асхат үнемі қызын қолдап, өнерге яғни әншілікте жол көрсетіп жүрген үлгілі әке.

– Асхат болашақ жарыңызбен қалай және қайда таныстыңыздар?

– Мен Әлиямен тойда таныстым. Таныс жігіттің туысының тойына барғанбыз. Әрине мен ән айтуға шақыртылған едім. Әлия сонда қонаққа келіпті. Содан сол жерде таныстық. Сол таныстығымыз достыққа, достықтан махаббатқа ұласты.

– Қалыңдығыңыз өнер адамы ма?

– Жоқ, оның мамандығы мүлде бөлек. Қазірше жұмыс істемейді. ЖОО былтыр ғана бітірген. Алдағы уақытта жұмыс істеймін деп жатса еш қарсылығым жоқ.

– Әлия қай қаланың қызы?
– Әлия Алматы облысының тумасы. Қазіргі күні ата-анасымен осы Алматы қаласында тұрады. Негізі, аталары Ақтөбе облысының адамдары. Жарты ғасыр бұрын оңтүстікке көшіп кеткен.

– Той қай күні және қай қалада болады?

– Тойды осы Алматыда жасайтын болдық. 12 сәуір күні болады.

-Құпия болмаса тойдың шығыны қанша болды?

-Той ұйымдастыру, жасау өте қиын іс екен. Бұрын мұндайды білмеппін. Барлық шығынды есептеп қарасам, 9 миллион  болыпты. Бұның ішіне тойхана, қалыңдық киімі, қалыңмал, тойхана, тамада бәрі кіреді. Тойға 300 адам шақырамыз.

– Жақсы, бақытты болыңыздар.

Асхат

асхат1

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайбергенов Францияға не үшін барды?

Дана Нұржігіт: Туған күнімде 7-қабаттан Алматыдағы алаңға топ ете түстім

ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкері Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапты

Қытайда Димаш бейнеленген киімдер мен ыдыстар сатылып жатыр

Талқылау