"Отбасымызда үлкен қуаныш болсыншы". Мәдина Сәдуақасова қызды болғысы келетінін айтты
Әнші Мәдина Сәдуақасова өнердегі әріптесі Тамара Асардың жаңа жылға тарту еткен сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/sadvakasovamadina
Өнер иесі алтын білезікті арнайы ырымдап берген көрінеді.
“2022-де мен қызды болсам, 2023 жылы эстафетаны өзіңе бердім. Мадикош, қызды болсаң, екінші мүсінді өзім қосып беремін”, – деген екен Тамара Асар.
Мәдина өз кезегінде бұл білезіктің жай ғана сыйлық емес екенін айтып, алғысын білдірді.
“Бұл кішкентай сыйлықтың артында үлкен ниет, көңіл тұрғанын біліп тұрмын. 2023 жылы біздің отбасымызда тағы бір үлкен қуаныш болсыншы”, – деп тілек тіледі әнші.
Талқылау

Әкімдік қаладағы ескі брусчаткалардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтты: Алайда Боқаев төсеуіштің жеке қолға сатылып жатқанын түсіріп алған (видео)
Санжар Боқаевтың айтуынша, әкелінген брусчатка мүлде бүлінбеген, тіпті жаңа күйінде болған

Алматылықтар Әл-Фараби даңғылының жабылуына байланысты көлік коллапсын күтуде: Әкімдік жөндеу жұмыстары неге жаз соңында басталғанын түсіндірді
Әл-Фараби даңғылы бойындағы газ құбыры 1974 жылдан бері жұмыс істеп келеді және әбден тозған