"Бомба қойылғанына" байланысты Нұр-Сұлтандағы ҚТЖ ғимаратынан адамдар эвакуацияланды
Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан темір жолы" компаниясының ғимараты жасырын хабарламаға байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚТЖ БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы ұлттық компанияға ғимараттың бомбаланғаны туралы анонимді хабарлама түскенін айтты. Бұл туралы құзырлы органдарға хабарланды.
"ҚТЖ қызметкерлері ғимараттан жедел эвакуацияланды. Толық ақпарат алу үшін құзырлы органдарға хабарласуларыңызды сұраймыз", – деді Жұмабайұлы.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”