Анна Семенович Мәдина Сәдуақасовамен суретке түспеуінің себебін түсіндірді (видео)

Астанада өткен мерекелік іс-шара кезінде Мәдина Сәдуақасовамен суретке түсуден бас тартқан Анна Семенович өз әрекетін түсіндірді. Ол Мәдинамен бұрыннан дос екенін алға тартып, сол күні қатты жаурап қалғандықтан, суретке түсуге шамасы келмегенін айтты. Бұл орайда ол журналистерді жоқ жерден шу шығармауды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Анна Семенович Мәдина Сәдуақасовамен суретке түспеуінің себебін түсіндірді (видео)

“Құрметті журналистер! Сіздердің мамандықтарыңызға үлкен құрметпен қараймын! Бірақ жоқ жерден шу шығармауларыңызды өтінемін. Маған кеше құрбым Мәдина хабарласып, Қазақстанда болып жатқан жағдай туралы айтты. Жұрт мені бейәдеп қылық көрсетті деп айыптап жатыр екен. Білесіздер ме, мен Астанаға ашық көңіліммен келдім.

Таң атпай науқас балаларға бардым. Олармен суретке түсіп, әрқайсысына көңіл бөлуге тырыстым. Маған сенсеңіздер, науқас балалар көп жерге бару адамға оңай емес. Олардың әрқайсысы жазылып кетсе деген тілегім бар. Кешке құрбым Мәдинамен суретке түспеуіме бір ғана себеп – мен сахнада тұрып қатты жаурап қалдым. Астанада қатты жел тұрды, ал менің үстімде жеңіл көйлек еді. Әрлеу бөлмесіне жүгіріп бара жатқан кезімде суретке түсуге шамам да келмеді, себебі жаурағаннан мұрным қызарып кеткен болатын”, – деп түсіндірді ресейлік әнші.

Ал Мәдина Сәдуақасова да болмашы дүниеден “қара пиар” шығып кетеді деп ойламағанын айтты. Ол қазақстандық журналистерге ренішін жеткізді.

“Біріншіден, біз Аня екеуміз бұрыннан доспыз. Жоқ жерден пайда болған “қара пиар” бір жағынан біздің күлкімізді келтірсе, екінші жағынан көңілімізге қаяу түсірді. Біз әртістер – жаны бар адамдармыз, өмірде әртүрлі жағдай болады. Ал мәселенің байыбына бармастан, шу көтеру дұрыс емес. Анна Семенович, ашық әрі мейірімді адам. Сені бұрынғыдан да қатты жақсы көремін. Астана күнінде өзіңді күтеміз, сол кезде селфиге де түсерміз”, – деді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр