Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аңызға айналған жол таңдамайтын автомобиль – эксклюзивтік баға. Жаңартылған Lada 4x4 Қазақстанда қолжетімді

Қазақстандағы ең ірі автомобиль холдингі LADA 4х4 жаңартылған нұсқасын немесе көпшілік атап үйренген «Ниваны» сатудың басталғаны туралы хабарлады. Жол талғамайтын автомобиль қолданыста болған 40 жылдан астам уақыттан кейінгі оның салонын ауыстырған тек екінші жағдай.

Жаңартылған LADA 4x4 БАҚ-та жазғаннан да анағұрлым көбірек жөндеулерге ие болды. Жаңа автомобильдің алғашқы даналары жақын уақытта делдалдарға түседі.

«Аңыз автомобильдің» негізгі жаңартулары автомобильді анағұрлым жайлы, қауіпсіз және қолайлы ете отырып, ішкі кеңістігіне қатысты болды. Жол таңдамайтын автомобиль жарықтандырғышы бар толығымен жаңартылған құралдар панеліне, борттық компьютердің функцияларының кеңейтілген тізіміне ие болды. Климаттық жүйені басқарудың жаңа блогы: температураны реттеуіштері айналмалы болды, ал ауаөткізгіштері жаңа формаға ие болды. Орталық консолі енді 12V екі розеткамен жабдықталды. Бүйірлік қолдауы мен жылытқышы бар жаңартылған отырғыштары, рөлдік басқаруды күшейткіші, алдыңғы есіктердің электркөтергіштері, электржетегі мен сыртқы әйнектерін жылытқыш, ауабаптағыш люкс нұсқасында ұсынылған жайлылық элементтеріне ие болды.

«Ниваның» формаланған төбесі бар, оған сапалы, кең және эргономикалық күнге қарсы күнқағарлар және саяхаттарда осы автомобильдің көптеген иелері үшін нағыз құтқарушы бола алатын жарықдиодты шамдары бар плафон орнатылды.

Аңызға айналған LADA 4x4-тің жаңартылған интерьері

Өзгерістер жаңартылған «Ниваның» сөзсіз басты мақтанышы деп есептелетін салонына ғана қатысты емес, машинаның сырты да сәл өзгерді.

Luxe жинақтауының рестайлингтік моделінің экстерьері 16-дюйм жеңіл қорытпалы дискілермен және қосалқы уақытша болат доңғалақпен толықтырылды, төбесіне антенна қойылды. Urban танымал нұсқасындағы – тұманға қарсы фарлар, тот басуға қарсы өңделген табалдырықтар, сондай-ақ қозғалтқышы мен алдыңғы көпірін штаттық қорғау енді жол таңдамайтын автомобильдің барлық жинақтауларына қойылады.

Еуропалық үлгідегі сақтандырғыштарының блогын және енді жаңа орынға – капоттың астына орналыстырылған күштік сақтандырғыштарының блогын жеке атап өту қажет.

Қауіпсіздік жастығы, артқы орындықтарының бас қоятын екі көпшігі, ISOFIX балалар орындығына арналған бекітпе, ЭРА-ГЛОНАСС шұғыл хабарлау жүйесі, тежегіш күштерін электрондық таратқышы бар блоктауға қарсы жүйе және көмекші тежеу жүйесі автомобильдің жоғарғы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Аңызға айналған жол таңдамайтын автомобильдің қозғалтқышы мен беріліс қорабы бұрынғысынша қалды. LADA 4x4 көлемі 1,7 литр 83 күштік қозғалтқышпен, 5 сатылы беріліс қорабымен және толық жетек жүйесімен жабдықталатынын еске саламыз.

Лада

«БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ коммерциялық директоры Констанстин Лобанов

Жаңартылған LADA 4×4 бағалары туралы компанияда айтты.

- Желтоқсанда біз «Lada Granta – дұрыс таңдау» арнайы бағдарламасын іске қосқанымызды білесіз бе, ол бағдарлама бойынша жаңа автомобиль өз сегменті үшін рекордтық төмен бағамен – 2 700 000 теңгемен қолжетімді. Осы бағдарламаның жұмыс нәтижелерінен шабыттанып, біз оң тәжірибені жаңартылған Lada 4x4-ке арналған ұсыныстар дайындауда да қолдануды шештік. «Аңызға айналған жол таңдамайтын автомобиль 3 400 000 теңгеге» алдын ала төлем бағдарламасының басталғанын қуана хабарлаймын. Осы бағдарлама бойынша Luxe жинақтауындағы Lada 4x4 қолжетімді. Люкстік орындаудағы жаңартылған LADA 4x4 Urban сатып алушыға 4 150 000 теңге болатынын атап өту керек.

Біздің отандастарымызға кезекті бағдарламаның басталуы «халықтық» LADA Granta-ға арналған қолданыстағы бағдарламаға ешқандай әсер етпейтінін растағым келеді, автомобиль әрі қарай да стандартты жинақтауда төмендетілген бағамен нарыққа қатыса береді. Біз тағы бір өтініш білдіргіміз келеді: «БИПЭК АВТО –АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы жаңа ереже енгізеді; біз автомобильдердің бағаларының жоғарылағаны туралы алдын ала 1 ай бұрын ескертетін боламыз. Бағаларды ұлғайту қадамдары айына немесе тоқсанына екі реттен артық емес қабылданатын болады. Біз «нөлдік қадамдар» деп аталатын қадамдар болатынын жоққа шығармаймыз, яғни баға кезеңдермен өзгермейді. Автомобиль бағаларын жоғарылату – ол конвейерлерде жинақтау бөлшектерінің кез келген қымбаттауына болатын реакция.

Сонымен, 18 қаңтарда компания 15 ақпаннан бастап Lada Granta бағалары 2 820 000 теңгеге дейін жоғарылайтынын ескерткен.

«БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ коммерциялық директоры Константин Лобанов іске қосылған бағдарламалар барлық бағдарламалар емес, жақында біз клиенттерге, жаңа автомобиль сатып алу және оған қызмет көрсету жолындағы олардың бюджетіне біздің мұқият қарым-қатынасымыздың растауы ретінде «БИПЭК Клуб» бағдарламасын іске қосуға дайындалып жатқанымызды сенімділікпен айта аламын, - деп баса айтты.

«БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ Сату департаментінің директоры Ренат Мухамедов

- Аңызға айналғандығы туралы тағы бір жайт: осы автомобиль соншалықты қолайлы болмаса, ол көптен бері өндірістен шығып қалар еді. LADA 4x4 нарықта толық

40 жылдан астам уақыттан бері келе жатыр, демек ол автоәуесқойлар үшін әлі де өзекті. Автомобиль шынымен жол таңдамайтын автомобиль, өз иелерін ұятқа қалдырмай, күрделі жағдайларда пайдаланылып келеді. Машинаның сенімділігі мен күй таңдамайтынын аң аулау мен балық аулауға әуесқойлар ғана емес бүкіл әлем бойынша өндірістік кәсіпорындар, фермерлік, орман шаруашылықтары, кен өндіретін және өңдейтін зауыттар да бағалады. Lada 4x4 ауыр техникамен, ағаш таситын машиналармен, кен шығаратын орындардың өзіаударғыш машиналарымен жол бөлісетін жерлерде жүргізушілердің ауыр еңбектерін ерекше жайлы еткіміз келді.

«БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ Сату департаментінің директоры Ренат Мухамедов - біз қазақстандықтар аңызға айналған Lada 4x4-тің жаңартылған нұсқасын лайықты бағалайды деп сенеміз. «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы өз тарапынан сатып алушыларына барынша старатегиялық жақын орналасқан кең филиалдық желісінің арқасында өз сатып алушыларын сапалы сервиспен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасайды, - деп пікір білдіреді.

Лада

LADA 4x4 жаңартылған моделі

2020 жылғы 30 қаңтардан бастап 3 400 000 теңгеге Luxe жинақтауындағы жаңартылған LADA 4x4 сатып алу ұсынылады. Автомобильдің сипаттамаларымен және сатып алу талаптарымен компанияның сайтынан анағұрлым толық танысуға болады.

Анықтама:

Жайлы, қауіпсіз және өтімді LADA 4x4 автомобилінің Қазақстан автонарығындағы тарихы 17 жыл деп есептеледі. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар 50 мыңнан астам аңызға айналған жол таңдамайтын автомобиль сатып алған. LADA 4x4 Қазақстанның алғашқы нарығында да және екінші нарығында да ең қолжетімді жол таңдамайтын автомобиль позициясын сенімді ұстап тұрғанын еске саламыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүздеген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Үш күн бойы ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін қонақ үйлер жабылды

Интимді қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздардың жаңа легі ұсталды

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі белгілі болды

"Өздерінің 12 адамның өлімін менің мойныма артып қою негізгі себебі сол": Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын: Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Ол бірнеше күн бұрын сырқатынан құтылып, үйіне жіберілген

Тұрғымбаев: Полицейлердің жалдамалы үйге кеткен ақысы өтеледі

Бұған дейін тек әскери қызметкерлерге ғана пәтер өтемақысы ұсынылған

Қордайда қарияны ұрған күдікті міндетті түрде сотқа тартылады - ІІМ

Министр аймақтағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізіпті

"Әр қазақ - менің жалғызым": Анасы әкесінің қолынан қаза тапқан Аян Төлеуғазинге көпшілік көмегін аямады

Аянның 5 бауырын жинап, бір үйде өмір сүрсе деген арманы бар

Ақтөбе облысында қытайлық азаматтың 2,5 миллион теңгелік жалақысы жайлы ұйым басшылығы сөз қозғады

Сөздерінше, бұл жұмыскерлердің 12 айдағы жалақыларының қосындысы
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр