Аңыз ойыншы Шыңғыс Есенаманов Қазақстан құрамасындағы карьерасын аяқтады
Фото: КФФ
Қазақстан футзал құрамасының аңыз ойыншысы Шыңғыс Есенаманов ұлттық командадағы мансабын ресми түрде аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ASnews.kz спорттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның соңғы ойыны Еуро-2026 іріктеуіндегі Италияға қарсы матч болды.
Есенаманов Қазақстан құрамасы сапындағы дебютін 2009 жылдың 19 ақпанында Дублинде Англияға (5:2) қарсы ойында өткізген. 16 жыл ішінде ол ұлттық құрамада 118 матчқа қатысып үлгерді.
Ойыншының жетістіктерінің қатарында — Еуро-2016 жарысының қола жүлдесі, Еуро-2018 жартылай финалы, Еуро-2022 турниріндегі ойындар, сондай-ақ екі әлем чемпионаты бар: 2016 және 2021 жылғы додаларда Қазақстан жартылай финалға дейін жетті.
Клубтық деңгейде Есенаманов ұзақ жылдар бойы алматылық "Қайраттың" намысын қорғады. Қазір ол "Семей" командасының ойыншысы.
Айта кетейік, Италияға қарсы өткен (2:3) кездесу Шыңғыс Есенаманов үшін Қазақстан құрамасындағы соңғы матч болды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

