Анипа Назарбаеваға тиесілі компанияның мемлекет алдында 92 миллиард қарызы бар

Фото: exclusive.kz
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қарындасы Анипа Назарбаеваға тиесілі компания елдегі ең көп салық қарызы барлар компаниялардың қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, компанияның мемлекет алдындағы қарызы 92 миллиард теңгеден асқан.
“2026 жыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша “GROUP OF THE COMPANIES TDA” ЖШС-нің бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі 92 307 598 000 теңге болды”, – делінген хабарламада.
Компания сотқа өзін банкрот деп тану туралы талап-арыз берген. Қазіргі таңда бұл іс сотта қаралып жатыр.
Назарбаевтың қарындасына тиесілі компания Қытайдан тауарларды заңсыз әкелумен айналысқан
Бұған дейін Алматының салық қызметкерлері Назарбаевтың қарындасының үстінен сотқа шағым түсіргені туралы жазған едік.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты