Англиядағы балабақша балалардың арамен ағаш кесіп, батпаққа құлауына рұқсат береді
Англиядағы Дорсет графтығында The Elves and Fairies Woodland Nursery деп аталатын экстремалды балабақша бар. Онда балалар түрлі қорқынышты әрекеттер арқылы қоршаған ортаны таниды.
Бұл туралы британиялық БАҚ хабарлайды.
Кирстен Фир балабақшаның негізін 2007 жылы қалаған. Соңғы алты жылда балалар уақыттарының барлығын дерлік таза ауада өткізеді. Онда балалардың ағаштарды арамен кесуіне, батпақта шомылуына, жәндіктерді бөлшектеуіне және от жағуына мүмкіндік береді.
Бұл әрекеттерді орындау үшін балалар су өткізбейтін киім мен резеңке аяқ киімдер киеді.
Балалардың балабақшадағы бір күні үшін ата-аналар 38 фунт стерлинг төлеуі тиіс. Ұлыбританиядағы білім стандарттары басқармасы бұл балабақшаның әдіс-тәсілдерін жоғары бағалапты.
Оқи отырыңыз:
70 жастағы шалдан жүкті болған жезөкше жұмысын ары қарай жалғастырмақ
Миллионер төрт баласына ешқандай мұра қалдырмады
Салмағы 17 келі тартатын 8 айлық қыз дәрігерлер үшін жұмбаққа айналды (фото, видео)
50 Cent өзіне қол созған әйелді жұдырықпен қойып қалды (видео)