Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританияда денесі қанға емес суға толған нәресте дүниеге келді

Денесінде небәрі екі ас қасық қаны бар бала дүниеге келді. Оның аман қалуы екіталай болса да, дәрігерлер денесінің 80 пайызы судан тұратын нәрестенің өмірін сақтап қалды.

ad_222868184

Фрэнки Моррисонның денесінен бар-жоғы 35 мл қан табылған. Бұл әдетте жаңа туған нәрестелерде болатын қан көрсеткішінен 7 есеге аз. Оның денесінің қалған бөлігін су алып тұрыпты. Бұл туралы шетелдік Metro басылымы хабарлады.

Дүниеге келерінен бірнеше күн бұрын қанның жетіспеушілігінен ана құрсағында болған сәби қимылсыз қалған. Оның өмірі үшін қауіптенген дәрігерлер сәбидің 32 жастағы анасы Мария Сандерске ота жасап, баланы алуды жөн көріпті. Медицина қызметкерлері Мария мен оның серігі Крис Моррисонға қайғылы жағдайдың болып қалуы мүмкін екендігін ескерткен. Десе де, ештеңеге қарамастан, бала аман қалып, бейсенбінің күнінде алғашқы туған күнін тойлады.

ad_222868115

«Операциядан кейін есімді жиған кезде айналамдағы адамдардың бәрі жылап тұрды. Сәбиімнен айырылып қалдым деп ойладым. Дәрігерлер сәбиімнің демалуы қиындағанын айтып, маған оны барып көруге кеңес берді. Тіпті, оның өмір сүріп кетуіне үміттің аз екендігін айтты. Жарық дүниеге әкелген перзентімді көру үшін қасына жақындадым. Сол кезде топ-томпақ балақайды көрдім. Қанның орнында су көп болғандықтан та, оның денесі ісініп тұрды», – дейді Мария.

ad_222868358

Дәрігерлер ата-анасына Фрэнки аман қалған күннің өзінде өз аяғымен жүре алмайтынын айтқан. Алайда екі рет қан құйылғаннан кейін кішкентай қыздың денсаулығы жақсара түскен.

ad_222868348

Бүгінде Фрэнкидің өз қатарластарынан жалғыз кемшілігі – иммундық жүйесінің әлсіздігі.  Мария: «Біз оны алты айлығында тексеруге алып бардық. Сонда оның жағдайының жақсарғанына сене алмаған мамандар көздеріне жас алды. Ғажап! Біз әлемдегі ең жолы болғыш адамдармыз!» – деді.

ad_222868321-e1476618153241

ad_222868334

Жіберіп алмаңыз: 

Үндістанда салмағы алты айлық баланікіндей қыз бала дүниеге келді

Жаңа жыл түні Ақтау перзентханасында алып бала дүниеге келді

Оңтүстік Қазақстанда жас ана 30 жасында үш бірдей егіз баланы дүниеге әкелді (фото)

Португалияда миы өліп қалған әйел дүниеге бала әкелді

Талқылау