Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (6-1, 3 КО) Бакудегі кәсіпқой бокс кешінде Пәкістан өкілі Рома Юсафмен (5-1-1, 2 КО) жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

Айқас аса жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған еді. Лукас бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. 

"Бәріңізді өте жақсы көремін және қуанышты жаңалықты хабарлағым келіп тұр. Біздің қолымыздан келді! Бүгін мен екінші әлем чемпионы титулын жеңіп алдым. Мақсатым – абсолют чемпион атану! Алға, Қазақстан!", – деп жазды боксшы Instagram парақшасында. 

 

Сонымен қатар ол Instagram парақшасында қарсыласы Рома Юсафқа алғыс айтып, ол өз елінің – Пәкістанның аңызға айналған адамы екенін айтты. 

Рома Юсаф – кәсіпқой бокста мұндай жоғары рейтингке көтерілген алғашқы пәкістандық әйел.

Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, екінші дәрежелі WIBA чемпиондық белбеуін иеленді. Бұған дейін ол WBC International және UBO чемпионы атанған еді. 

Талқылау