Анатолий Балушкин: "Сәуірде зауыттың сыртқы корпусы дайын болады"

26 қарашада «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкиннің баспасөз конференциясы болды. Кездесу барысында холдингтің басшысы комания мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі арасындағы тартыс айналысында өз ұстанымын баяндады. Диалогқа БАҚ мен блогосаланың 30 өкілі қатысты. Кездесудің онлайн-трансляциясын 4000-нан астам пайдаланушы қадағалады. 

«30% ашығын айттым. Қосуға дайынмын.

Көптеген мәселелер әлі айтылған жоқ.

Егер компанияның ашықтығына қатысты вакханалия мен шектен шығу жалғасатын болса,

біз кезекті 
әшкерелеу қадамдарына барамыз», - 

А.М. Балушкин.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің әрекеттері туралы

 «Бірінші мәселе, ол біз алған деп айтылатын ол қандай жеңілдіктер? Және біз оларды қайда жібердік? Қазір бізге  арыз беруге тырысып жатқаны рас па?».

Талап арызға қатысты айтатын болсақ – ол шындық. Бірақ біз есептеу әдістемесін түсінбейміз. 176 миллиард деп айтылады. Неге екені 2012 жылдан бастап делінді. Сондай-ақ, күні неге қысқартылғаны түсініксіз? Жеңілдікті есептеу мен алу – ол әртүрлі нәрсе. Егер біз қандай да бір өнім үшін физикалық түрде осы жеңілдіктерді алған болсақ, онда оларды активке есепке алуға болатынын біз түсінеміз ғой. 

Түйінді сандар. Олармен біз жұмыс істедік. Біз 2002 жылдан бастап есептейміз. Біз $522 млн. инвестиция салдық. Біз $525 млн. салық төледік. Банктердің пайызы - $257 млн.. Бізде девальвация болған кезде барлығы үшін ол үлкен күйзеліс болды. Бізде 29 мың машина және машинажинақтауыштары «тығырықта» қалды. 

 Бағам көтерілген, ал міндеттемелер доллармен болған кезде біз бір күнде $100 млн. жоғалттық, себебі бізге өз міндеттемелерімізді орындау қажет болды. Біз ол бағам бойынша бағаны адекватты көтере алмадық. Бізге үнемі айналыммен жұмыс істеу қажет болды. 

Білетін болсаңыздар, пандемия өршіген кезде бүкіл Қазақстан бойынша 45 жаңа автомобиль бөлдік. Ал, Шығыс Қазақстан бойынша 9 машина бөлінді, сіз оларды жиі көресіздер деп ойлаймын, олар әлі күнге дейін жұмыс істеп жүр. Ал енді бізге «Сіздер тендерді ұтып алғансыздар ма?» деп айтады. 

Біз бір тиын да сұраған жоқпыз! Біз машиналар, экипаждар, адамдар бердік. Ол көмек болды. Бір де бір автомобиль компаниясы оны қолдаған жоқ. Бізден 272 млн.теңге шығын шықты, Өскемен бойынша – 79 млн.теңге, және біз жұмыс істеуді жалғастырып отырмыз. Бұл біздің жағдайымызға қарамастан. Ол біздің жауапкершілігіміз. Және біз оны шынайы істеп отырмыз. 

Біз өздігімізбен жаңа қуаттарды іске қосуға дайынбыз. Зауытты толық салып бітіру үшін бізге уақыт қажет. Ол қандай да бір бинзес жоспарлар немесе тағы да басқа бірдеңе емес,  оның барлығы «алаңда», барлық келісімшарттарға қол қойылған. 

Жалпы, біз төлеуге дайынбыз және Үкіметке айтарымыз: «Мырзалар, сіздер біз зауытты іске қоса алмайды деп айтасыздар! Бірақ қандай зауыт?! Қане, басқалармен салыстырып көрейік. Біз нені іске қосамыз?». Міне, өкінішке қарай, біз әзірше жауап естіген жоқпыз. Бізді ескермегендеріне таңғаламыз. Ескермеу 2020 жылы сәуірде хаттан басталған. Біз «Кім хат бойынша жұмысты тоқтатады?», - дедік. Және осы әрекеттерді заңсыз деп есептегендіктен, сотқа бердік. 

Даудың аумағы болғандықтан, судья соттылығы бойынша Өскемен қаласында болуы тиіс болған. Сотты Астанаға ауыстырады, бізбен сөйлеспейді. Коронавирус болғандықтан, бізді ешқайда жібермейді. Бір де бір тексеру жоқ, бір де бір талдау жоқ, біздің құжаттар бойынша бір де бір сұрау жоқ. Бізге төрт минуттың ішінде «терезеде» сот шешімін шығарады. Яғни, біз онлай көреміз, бізге «сіздер жеңілдіңіздер, сау болыңыздар» деп хабарлайды. Екінші инстанциямен де сондай жағдай болып жатыр. Қазір біз Жоғарғы сотқа үміт артып отырмыз, біз осыған назар аударғандарын қалаймыз.  Хатқа қалай қол қойылған? Міне, министр кінәлі ме немесе кінәсіз бе?, – деп айтады. 

Министр операцияда болған, Сіздер білесіздер ме? Скляр мырза министрдің орынбасарын шақырып алып: «Сен қазір БИПЭК тарапына хат жазасың немесе қызметтен босату туралы өтініш жазасың», - деген. Мен жалғандық детекторына отыруға және оны растауға дайынмын. 

Келесі, Скляр мырза Тольяттиге және АВТОВАЗ-ға жасырын барады да: «Біз қалай болса да БИПЭКТІ жоямыз және АЗИЯ АВТОНЫ жоямыз. Бізге Қостанай алаңына ауысыңыздар. Ештеңе болмайды, біз оларға қысым көрсетеміз», - деп айтқан. Бұған қандай заң терминін беруге болады?  АВТОВАЗ серіктесіміз (ал АВТОВАЗ қазір француздар), ал олардың көздері шарасынан шығып:   «Қалай? Біз сіздермен 20 жыл жұмыс істедік, ал енді бізге келіп, сіздер жамансыздар деп көзге түртіп көрсетіп отыр», - дейді. 

Мен Президент әкімшілігінде, Жоғарғы сотта, Бас прокуратурада оған бәрібір баға береді деп үміттенемін. Себебі, бүгін үш күн болды, біздің ұжым далада футбол ойнап жүр. Мұнда теннистен турнир, дойбы мен шахматтан турнир өтуде. 

Қазір, әрине, біз құрылысқа, сол алаңға тартып жатырмыз, бірақ барлығын онда жұмысқа орналастыра алмаймыз. Одан кейін, тіпті біз корпусты аяқтап салсақ та банк: «Ал, жақсы, қане, біз сіздермен бірге сіздердің министрліктеріңізге барайық», - деп айтады. Бірақ, біз осы инвестициялық келісімшартты аяқтауымыз үшін бізге бір жылға жеңілдіктер бекітілуі тиіс. Біз жабдыққа төлеуге дайынбыз, біз сіздермен бірге баруға және үш жақты келісімге, мысалы, Министрлік, Инвестициялар комитеті – біз – банк келісіміне  қол қоюға дайынбыз. Біз мұндай нәрселерде мүлде ашықпыз. Егер біз жай ғана «Міне, біз жұмыс істедік немесе жұмыс істейміз», - деп мәлімдесек ше?! . Ешқандай. Оның барлығын келіп, көріп және көз жеткізіп тексеруге болады. 
Біз дұрыс әрекет жеңіп шығады және соны жеткіземіз деп үміттенеміз. Біз сала бойынша барлық үш зауыттың толыққанды тексерілгенін қалаймыз. Біз не істеп жатқанымызды, қандай бағытта біз жылжып келе жатқанымызды және кімнің қай жерде қандай қатесі барын көргендерін қалаймыз. Кім қандай мемлекеттің ақшасын алғанын, оны қайда салғанын, бүгінгі күні өндіріс қалай жұмыс істеп жатқанын көргендерін, тексергендерін қалаймыз. 

 «Халықтық автомобиль» бағдарламасы туралы

Ақша қайда кетті? Халықтық автомобильмен мысал келтірейін. Себебі, ол ең жеңіл мысал.  Жылдың басында біз «Халықтық автомобиль» бағдарламасын іске қосамыз және банк шығындарын алып тастауға тырысамыз және адамдарға бізге алдын ала төлем төлеуді ұсынамыз. Болды, банк шығындары кетті. Пайыздарды төлеудің қажеті жоқ, бізде бірыңғай маржа болғандықтан, біз алдын ала төлем кезеңінен бастап 90 күн деп аламыз, яғни біз оның барлығын есептеп шығардық және бізде бірегей баға шықты.  

Жылдың басында 2 700 000 теңгеден бастадық. Біз 2 820 000 теңгемен аяқтадық. Осы уақыт ішінде біз 3000 алдын ала төлем алдық. Бізде қарқын тіпті қараша айынан бастап болған! Тапсырыстар жүріп жатыр, бізге машиналар келіп жатыр, барлығы өз қалпында, біз барлығын орындап отырмыз.  


Сәуір айынан бастап хат бойынша жеңілдіктерді үзеді. Сотсыз. Сотқа біз бардық және соттарда жеңіле бастадық. Ол да жеке тақырып. 

Біз міндеттемені орындамаған тәрізді хат бойынша бізге жеңілдікті тоқтатады. Біздің шикізат алымының оқшаулайды, ол дәл сол бізге есептелетін жеңілдіктер. Және жеңілдіктің қалдықтармен біз әлі машиналарды беріп үлгермедік, яғни, олар енді «тығырықта» қалды, олар келіп жатыр. Сөздің мағынасы, біз оларды алуға, өндіруге  тиіспіз,біз оларға ақша төлеп қойғанбыз. Бізде осы бағдарлама бойынша 1117 автомобиль қалды. 

 Біздің алдымызда қарапайым мәселе тұрды: өзіміздің өзіндік құнымызды жабу үшін бізге LADA Granta бойынша әрбір автомобиль үшін орташа есеппен 1 259 000 теңге толықтырып төлеу қажет болды. Яғни біз бізге алдын ала төлем берген машиналарды 2 820 000 теңгеге беруге тиіс болдық немесе енді біз шикізат алымын төлеуге тиіспіз, оны біз бағаға және ҚҚС-на есептемегенбіз. Ол 1 259 000 теңге болған. Не істейміз? Адамдарды «кепілдікке» аламыз ба және толықтырып тақша төлеуді талап етеміз бе?  Енді мұндай бағаға машина жасау мүмкін емес деп айтамыз ба? Әлде машинаны береміз бе? Мырзалар, біз машиналарды бердік! Адамдардың ақылы орнына түсер және оқшаулаған ақшаны бізге қайтарар деп үмітттендік. Бұл ең айқын мысал.  Ол ең арзан машина.

 Салынып жатқан пісіру және бояу қуаттарына салынған инвестициялар туралы

 «Мемлекеттің ақшасы тартылды ма? Бізде, Қостанай және Алматы алаңдарына қарағанда, инвестициялық мемлекеттік ақша, инвестициялық дамыту институттары ЖОҚ. Еңбекпен тапқанымыздың барлығын салуға мәжбүр болдық. 
Сондықтан, бізді инвестициялық қызметпен айналыспады деп айыптау дұрыс емес. 

  Бүгінгі күні сәуір айына дейін шикізат алымы бойынша қайтаруды үзіп, ақшаны оқшаулауды бастағаннан бұрын ақшамен $72 млн.  өз қаражатымыз инвестицияланған болатын. 

Біздің жобамыз өз қуаттары бойынша 4 есе үлкен. Демек, құны да жобаға сәйкес. Біз енді 120 000 ш.метрді салудан асып кеттік. 
РФ-дағы кез келген автоқұрастыру зауытын қарауға болады, онда 15-тен астам зауыт бар. Бір де біреуі 100 мың ш.метрден  аз сала алмады, ол мүмкін емес. 

Қостанай зауыты барлық осы уақыт ішінде, назар аударыңыздар, 10 жыл ішінде 3000 шанақ бояған. Бояу іс жүзінде жұмыс істемейді, әрі мұндай көлемде пісіру және жұмыс істеу пайдалы емес. Біз оны «көрсеткіш соқпағы» деп атаймыз. 

Құрылысты жалғастыру туралы 

 «Сәуір айынан бастап құрылыс маусымы басталатыны түсінікті, тоқтата алмаймыз. Құрылысты жалғастыру  керек. Бүгінгі күні бізге 14 млрд.теңге шикізат алымын оқшауланғанына  қарамастан, біз $8 млн инвестиция салып отырмыз, ол бізде құрылыс актілері мен түскен материалдар бойынша өткені. Бүгінгі күні бізде $5 млн-ға құрылыс материалдары келе жатыр, ол коронавирус бойынша кідіртуге байланысты. Бізге келесі аптада  панельдер түседі, олармен корпус жабылатын болады. Ол барлық қабырғалар. 

Бізде шамамен 1 сәуірде зауыттың сыртқы корпусы дайын болады деп есептелген. Жабдықты монтаждауға кірісуге болады. Қазір онда 300 адам жұмыс істеуде. Орташа жалақы 271 мың теңге

Қосымша біз ішкі желілерді: су, жылу, электрэнергиясы желілерін жүргізуді аяқтап қалдық. Оның барлығы есептелген. Осы жүйе кезінде біздің айналым қаражатымызды үзу жүріп жатыр, біз сол ақшаға есептеп, жұмыс жүргізіп отырған  14 млрд.оқшауланған.  Енді банк: «Сіздерге ол ақшаны қайтара ма? Сіздердің бағаларыңызда ол ақша болмағаны түсінікті», - деген сұрақтар қоюда. 
 
Баспасөз конференциясының бейнежазбасы https://youtu.be/2I5tcluSdDk  сілтемесі бойынша қолжетімді
 
 
 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр