Дәрігерлерді тыңдамай мүгедек баласын өсірген ананың ұлы Гарвард университетіне түсті (фото)
Қытайлық Цзоу Хонгиан 1988 жылы көптен күткен ұлын өмірге әкелді. Ауыр жағдайда босанғандықтан баласы өмір бойына сал болып қалған.

Бәрі анасына ұлының өмірі қиын болады деп ескертеді, алайда әйел ешкімнің сөзіне құлақ аспай баласын асырап баққан.

Анасы бір уақытта үш жерде жұмыс істейді. Ол күйеуімен ажырасып, ұлын өзі күтіп бағады.

Цзоу Хонгиан баласының ой-өрісін дамытатын ойыншықтар әперіп, емдеуге кіріседі.

«Ұлым ешқашан қорықпаса, өзін төмен көрмесе екен», – деумен келемін.

29 жылдан соң ұлы Динг Динг Пекин университетінде қоршаған орта ғылымдар дәрежесін алып, Гарвард университетінің құқықтану факультетіне оқуға түседі. Осылайша ұлы өзіне сенген анасының үмітін ақтағысы келеді.
Тағы да оқыңыз:
Аянышты тұрмыс: 3 мың отбасы балаларымен қоқыс арасында өмір сүруде (фото)
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан