Анасымен қосылып ән шырқаған Қуандық Рахым көпшілікті таңдай қақтырды (видео)
Осыдан бір жыл бұрын бұл жігіттің есімін көпшілік білген жоқ. Ал бүгінде Қуандық Рахымды жұрт сырлы да мағыналы әндердің орындаушысы ретінде жақсы таниды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бүгінде ел Қуандықтың шығармашылығымен жақсы таныс болғанымен, оның отбасы, жеке өмірі туралы көп біле бермейді. Себебі әншінің өзі жеке өмірінен гөрі, шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөліскенді жөн санайды. Сондықтан да ел арасында жас әншінің жақындарына қатысты сауалдар көп.
Бұл орайда Қуандық алғаш рет анасын көрсетіп, онымен бірге ән айтқан видеосын желідегі парақшасына жүктеді. Қуандық анасымен бірге халқымыздың даңқты композиторы Нұрғиса Тілендиевтің “Құстар әнін” домбыраның сүйемелдеуімен орындаған.
Ал өзіне өмір сыйлаған жанды туған күнімен құттықтаған әнші көпшілікті таңдай қақтырды. Жүрекжарды лебізін білдіру барысында Қуандық анасын шексіз сүйетінін әрі өзінің анасына ұқсағанын айтып қалды.
Жіберіп алмаңыз:
Баян синдромы: 2 баласы бар келіншек Баянның кітабын оқып, күйеуімен ажырасуға бел буған
Мәдина Сәдуақасова құрбысы Қарақат Әбілдина берген көйлекті не себепті кимей қойғанын айтты
Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)
Төреғали Төреәлі жанды дауыста ән айта алмай, масқара болды (видео)