Анасы ұрып-соққан қыз сот үкімі шыққанға дейін әкесімен қалатын болды
Үш жасар қызын аяусыз ұрып-соққан павлодарлық әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Безбүйрек ананы ата-ана құқығынан айыру туралы өтініш де қаралуда.
Павлодарлық Айлин есімді бүлдіршін сот үкімі шыққанға дейін әкесімен бірге тұрады, деп хабарлады Sputnik.
«Бүгін бүлдіршінді әкесіне беру туралы тоқтамға келдік. Әкесі оны балалар үйінен алып кеткен де шығар. Сот процессі аяқталғанға дейін Айлин әкесімен бірге тұрады», – деді қалалық білім беру бөлімінің қамқоршылық секторында.
Естеріңізде болса, Instagram әлеуметтік желісінде өз қызын аяусыз ұрып-соққан ананың видеосы пайда болған еді. Онда әйел жылап отырған қызын ұрып-соғып, балағат сөздер айтқан. Видео жазбасында «анасы бұрынғы күйеуін бопсалау үшін өз қызын ұрып жатыр» делінген. Кейіннен полиция әйелдің кім екенін анықтады. 1982 жылы туған Павлодар тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш оқиғадан кейін Айлин балалар үйіне орналыстырылды. Одан кейін анасы ел алдына шығып, істеген әрекеті үшін өкінетінін мәлімдеді.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда ұрлықшы әйел телефонды балалар арбасынан суырып алды (видео)
Хеллоуинге арналып әзірленген декорация Ақтөбе тұрғындарын шошытты
1 млн теңге қалың малын төлеп үйленер күні қалыңдығы өзге жігітпен қашып кеткен