Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы шынжырлап ұстап отырған әйел көз жұмды

Мәскеу маңында 37 жастағы әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды КТК.

Марқұмның денесінен шынжыр іздері мен соққылардың орны байқалған.

Марқұмның көршілері айтып бергендей, Ирина Москвитина күйеуімен ажырасқан соң анасының үйінде тұрып жүрген екен.

Ал анасы өте қатал, қызына билігін жүргізгісі келетін әйел көрінеді. Сондықтан полиция қызметкерлері күдіктілер қатарындағы бірінша адам – марқұмның анасы болуы мүмкін деп отыр.

Сондай-ақ, Ирина есірткіге құмар болды деген ақпарат та бар. Анасы құқық қорғау органы өкілдеріне қызының нашақор болғанын айтып берген.

Оны емдетуге ақшалары болмаған соң, үйінде қолдарын шынжырмен байлап ұстаған екен.

Алайда Ирина Москвитинаның нақты неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Оқиға бойынша туралы қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз:

Астанада мұқабасы адам терісінен жасалған кітап халықты таңғалдырды

Қарағандылық қария сыртқы киімсіз жүрсе де қырық градус аязда тоңбайды

Қазақстандық арулар үшін Инстаграмда кастинг жарияланды

Талқылау