Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 градус аязда сырт киім кимейтін қарағандылық қария елді таңдандырды

Қарағандылық шымыр қария қырық градус аязда жеңіл-желпі жүре береді.

«Қаңтардың қырық құбылған қысында жұқа шалбар мен футболка және қолғап қана киетін Байылды Тере сақылдаған сары аязды елемейді. Алпыс бес жастағы ақсақал бет қаритын суықта да бір тоңбайды. Тіпті ол қолайсыз ауа-райында өзін сергек сезінетінін айтады», делінген жазбада.

Қазір қария Қарағанды қаласындағы әскери бөлімдердің біріне аула тазалаушы болып жұмыс істеп жүр.

«Saryarqa» телеарнасы тілшісінің айтуынша, Байылды Тере сыртқы киімін тек жиырма бес жыл бұрын көшеге киген көрінеді. Содан бері ол ағзасын аязға ептеп үйрете бастаған. Ширек ғасыр уақытты шымыр қарияның денсаулығы еш сыр берген емес. Зейнеткер суықта жүріп, үнемі қимылдағанның арқасында бұрынғы дерттерімнен құлан таза айықтым, дәрігердің көмегіне жүгінуді де ұмыттым, деп отыр. Байылды Тере денесін суыққа шынықтырғысы келетін адамдарға ағзасын бірте-бірте дайындау керек, деп кеңес береді.

Тағы оқыңыз:

Шымкентте 1 жасар бүлдіршіннің құлағы бетіне біткен

ОҚО тұрғыны өз ұлының өлімі үшін сотталған баланың кінәлі екеніне сенбейді

Өзге ұлтпен қол ұстасқан қазақ қыздарымен күресуші азамат: Ертең мені қамаса, жезөкшелер қаптайды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр