Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақындарынан айырылған мүгедек жігіт шұлықтан төсеніш тоқып өзін алдандырады (фото)

Ленар Хафизов есімді татар жігіті сүйіктісімен отау құрғалы жүргенде, жол апатына ұшырап қалыңдығы оның көз алдында мерт болған.

1476850585_2

Фото:timeallnews.ru

Арада біраз уақыт өткен де анасы да өмірде өтіп, қайғы үстіне қара жамылады. Ол әлеуметтік желіде өзі жазған романтикалық өлеңдерін жариялап отырады.

1476850659_1

Қазір Ленар 26 жаста. Ол әлі өмірлік жарын кездестірген жоқ. Қайғысын ұмытып, көңілін алдандыру үшін анасы үйреткен тоқыма тоқиды. Әйелдерге арналған шұлықтардан көркі көз тартарлық сәнді төсеніштер тоқиды.

1476850572_3

Ол өзінің ескі жыртылған шұлықтар іздеп жүргенде елдің күлетінін де біледі.

«Мен ескі тігін машикасын сатып алдым. Қолмен тоқығанна гөрі едәуір жеңіл. Сату үшін тоқымаймын. Тапсырыс бергендердікін жасап берем. Ол үшін ақша да сұрамайын. Жұрт өз әлінше алғысын айтып жатады. Біреу 200 рубль береді, басқасы 6 мың рубль береді. Айына 8-9 тапсырыс жасай аламын», – дейді жігіт.

1476850600_4
Оның сүйікті ісі арқылы тапқан қаражаты өмір сүруіне жетеді. Біреуге алақан жайып, ақша сұрағанды намыс көреді. Сондықтан өзіне қайырымдылқ жасағысы келгендердің де көмегінен бас тартқан. Өмірдегі ең жақын екі әйел затын, бақытты ғұмырын еске ала отырып, өмірге деген құлшынысын жойған емес.

Жібріп алмаңыз:

KFW-2016: Дизайнерлер туындыларын кітапханашыларға арнады (фото)

Американдық әлемдегі ең семіз әйел болуды армандаған (фото)

Жүздеген балет бишісі әлем алдында тыр жалаңаш суретке түсті (фото)

Сирияның бұрынғы министрінің немересі сән-салтанатқа толы өмір сүруде (фото)

Талқылау