KFW-2016: Дизайнерлер туындыларын кітапханашыларға арнады (фото)

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 10:58

Бүгін, қазанның 19-ы Қазақстан сән апталығының екінші күні өтті. Аталған шара биыл 12 рет ұйымдастырылып отыр. Үш күнге созылатын сән апталығында жалпы тоғыз дизайнердің ғана туындылары көрсетілді.

3E0A0827

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алғашқы күні One to One, Tamara Lamanukaeva, Tiko Nebieridze сынды брендтердің топтамалары таныстырылды. Ал бүгінгі кезек Yerlan Zholdasbek, Mirel Marat, Kiori сынды брендтерге бұйырды. Сән апталығы басталмас бұрын, Open Way байқауы өтті. Аталған байқауда жас дизайнерлер “үй тапсырмасын” таныстырды. Оларға 2017 жылдың көктем-жаз маусымына арналған прет-а-порте топтамасын жасау тапсырылған болатын.

3E0A0902

3E0A0908

3E0A0890

3E0A0894

3E0A0910

3E0A0901

3E0A0952

3E0A0879

3E0A0860

3E0A0904

Дизайнер Ерлан Жолдасбек өзінің топтамасында бірнеше стильді өзара біріктірген. Арт-деко стилінен ұстамдылық пен салтанаттылықты, ал бохо стилінен ыңғайлылықты алған десек те болады. Киімдерін тігу барысында жібек, жүн, шифон, велюр сынды маталарды пайдаланған. Барлық образ қосымша өрнектермен толықтырылған.

3E0A0865

3E0A0949

3E0A0924

3E0A0934

3E0A0926

3E0A0938

3E0A0936

Қазақстан сән апталығында алғаш рет One-to-One брендінің тұсауы кесілді. Дизайнерлер өздерінің топтамаларын “Кітапханашы арулар” деп атауды жөн көріпті. Аталған брендтің образдары 70 жылдардағы жылтыр сәнмен толықтырылған. Оны Alex Chzhen мен LaRiya бірігіп құрған.

3E0A0802

3E0A0808

3E0A0822

3E0A0794

3E0A0809

“Жыл сайын KFW қарсаңында үш қайнаса да, сорпасы қосылмайтын дүниелерді біріктіруге болатындығын айтқым келеді. Осындай эксперименттен кейін ғана жаңа образдар пайда болады. Стандарттарды шетке ысырып, ерлер стилімен эксперимент жасауды ұсынамын. Пенжек пен шалбарды кез келген шараға киіп баруға болады. Мұнымен қатар, металлдандырылған маталардан белдемше, көйлек, күрте тігілетін болады”, – дейді Мирэль Марат.

3E0A0836

3E0A0840

3E0A0850

3E0A0852

3E0A0856

Дизайнерлер өздерінің топтамаларын таныстырып қана қоймай, әріптестерінің де жұмысын ерекше бағалайтындарын айтып өтті. Ерлан Жолдасбек жаңа One-to-One брендіне жоғары баға берді. Мұнымен қатар, Ерлан мырза өзінің киімдерінің аса қол жетімді бола бермейтіндігін айтып өтті. Ең төменгі баға 70 мың теңгеден басталады екен.


Жіберіп алмаңыз:

Әйгілі сәнгер Лилия Рах жазадан қашып құтылуы мүмкін

Биыл Қазақстан сән апталығында тек 9 дизайнердің топтамасы көрсетіледі

Күзгі тренд: сәнқойлар сатып алуы тиіс 5 бұйым

Қазақстандық жұлдыздар аң терісін таңдайды: күздің 12 үздік образы (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар