Қазақстандық жұлдыздар аң терісін таңдайды: күздің 12 үздік образы (фото)

Сейсенбі, 18 Қазан , 2016 14:35

Қазақстандық жұлдыздардың киіну стилі бір-біріне ұқсамайды. Бірі классиканы таңдаса, енді екіншілері кэжуал мен көше стилін құптайды. Десе де, оларды байланыстыратын кей киім бар. Мысалы, аң терісі.

эж

Stan.kz назарларыңызға күздің ең үздік 12 образын ұсынады.

14705003_314222105617183_5600737791794216960_n

14474031_196024437487123_8876594977216397312_n

14733649_380162775648281_2938804984008933376_n

14705047_365647957111362_3983160912352641024_n

Қазақ эстрадасында ерекше талғамымен есте қалатын жандардың бірі – Лидо. Ол жарасымды киімдер таңдай біледі әрі таңдаған киімін жарнамалай біледі. Мұның дәлелі ретінде инстаграм парақшасындағы суреттерді келтіруге болады. Парақшасындағы 2 500 суреттің барлығы кәсіби фотоаппаратқа түсірілген. Суреттегі киімдердің қай брендке тиесілі екені де жазылған. Лидоның әншіліктен бөлек сәнгерлік қырының бар екенін айта кету керек. Әнші бос уақытында киім дизайнін құрастырады.

13703119_159313527859981_5286889456140288000_n

Біраз уақыт бұрын Баян Есентаева ешуақытта орамал тағып, тұмшаланбайтынын айтқан болатын. Десе де, продюсердің бұл ойы өзгерген сыңайлы. Себебі, оның қазіргі киіну стилі бұрынғысынан өзгеше. Яғни образдары стильді орамалмен толықтырылған.

14350401_238565963208123_1192438201617219584_n

14711915_103043636836479_2391192706693988352_n

14723234_1768512856740927_6784147048737275904_n

14488266_653836694773414_1981225116079489024_n

14482308_1854805998081656_3285548723291029504_n

Осы уақытқа дейін Ерке Есмахан кей киімін тастамай кигені үшін жұрттан сын естіген-ді. Десе де, әнші желідегілерге қалаған киімін, қалаған уақытында киетінін айтып жауап қайтарған-ды. Ерке Есмаханның гардеробынан аң терісінен жасалған кардигандарды немесе жылы жемпірлерді жиі байқауға болады.

14549899_130543490745925_2699054128520232960_n

Роза Әлқожаның өзіне тиесілі “Мен сыйға тартқан орамал” атты дүкені бар. Аталған дүкенде тек бас киім мен орамал сатады. Әншінің өзі ара-тұра дүкенінің киімдерін жарнамалап тұрады. Бұл жолы әнші әдемі тонын көрсетті.

14730566_835273176615480_3892538597055660032_n

Желі қолданушылары Аша Матайды бірнеше күннен бері жоғалтып алды. Көпшілік оны ауруханада жатыр деп ойлаған екен. Арасында босанып қалды деп болжағандар да болды. Алайда Ашаға бар болғаны суық тиіп қалған көрінеді. Осыған орай, ол жылы киініп, жолдасымен таза ауада серуендеуді жөн көріпті. Үстіне қалың тон кимесе де, аң терісімен безендірілген пенжек киіп алғанын байқауға болады.

14717533_313727052339362_5315839648839237632_n

Қарақат Әбілдина әдеттегідей ұстамды образдарды ұнатады. Естеріңізде болса, ол қазақстандық қыз-келіншектерге үнемі орамал тағып жүруді ұсынған болатын. Бұл ұсынысты бірі құптаса, енді бірі қарсы шығып жатты. Десе де, әншінің өзі күнделікті образын түрлі орамалмен толықтырғанды ұнатады. Аң терісінен жасалған тонын да орамалмен толықтыруды жөн көрген екен.

14482212_654657604692582_3299717141795700736_n

Декреттік демалысқалы шыққалы Мөлдір Әуелбекова тыңдармандарына бұрынғысынан бетер жақындай түсті. Ол әлеуметтік желі арқылы түрлі жаңалығын бөлісіп отырады. Бұл жолы аң терісінен жасалған пенжегін қай қаладан, қай дүкеннен алғанын айтып берді. Тіпті оны киіп суретке түсіп, артынша тыңдармандарымен бөлісті.

14350905_1838932386338046_8871019186248220672_n

Көп адамға ұқсай бермейтін өзіндік стильге ие жандардың қатарында Әсел Сәдуақасова да бар. Ол әйел адамды нәзік етіп көрсететін киімдерді таңдауға тырысады. Аң терісінен жасалған киімдерді үнемі кимейді. Десе де, ара-тұра образдарын олармен толықтырып тұрғанды ұнатады.

14547750_574631139406826_8784035107682910208_n

Әнші Әдемінің 10 жыл бұрынғы келбеті мен қазіргі келбетін салыстыруға болмайды. Себебі, әнші қатты өзгерген. Мұны бір кездері әріптесі Мақпал Исабекова да айтып өткен-ді. Әдемі күнделікті тұрмыста аң терісінен жасалған пенжек кигенді жақсы көреді.

14553090_688440997990795_28030468402184192_n

Жәния Джуринская желідегі парақшасы арқылы киім дүкендеріне жарнама жасап отырады. Күздің бастапқы айларында актриса қара тонын көрсетіп мақтанған-ды. Десе де, актриса күн сайын киіну мәнерін өзгертіп отырады. Оның бір киімді бірнеше рет қайталап кигенін де байқау да қиын.

14374452_325757724451219_5573033951359926272_n

14374468_1098811250209174_1684817096426389504_n

Мақпал Исабекова сырт келбетіне ғана емес, киіну стиліне де үнемі өзгеріс енгізіп отырады. Мұнымен қатар, үнемі киімдер жарнамасына шақырту алады. Актриса жартылай жалаңаш суреттерімен жұртты шулатқанды ұнатады. Оның тіпті күздік киімі де ерекше болып шықты.

14723170_304937659888469_854624042940891136_n

Етегін жауып, басына орамал таққанды жөн көретін жұлдыздардың қатарында Мақпал Жүнісова да бар. Әнші стилін сирек өзгертеді әрі үнемі аң терісінен тігілген тондар киіп жүреді.


Жіберіп алмаңыз:

Шампан және сүйісулер: Айсәуле Бақытбек түнгі клубтарда қалай көңіл көтереді? (видео)

Майғазиев: Алғаш көргенде Мәдина менімен амандаспай қоя ма деп қорықтым

Қызы Баян Мақсатқызына еліктірерліктей суретке түсуге көмектесті

Кімнің қалыңдық көйлегі әдемірек? Қазақстандық жұлдыздардың той көйлектері (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар