Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майғазиев: Алғаш көргенде Мәдина менімен амандаспай қоя ма деп қорықтым

Сәкен Майғазиев сахналас өзге әріптестерінен қалмай, Мәдина Сәдуақасованың концерті қарсаңында онымен алғаш қалай танысқанын айтып беріп, желідегі эстафетаны жалғай кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_16

Бұдан бұрын эстрада жұлдыздарының желіде эстафета бастағанын жазған едік. Мәдина Сәдуақасова өнерде жүргеніне 20 жыл толуына орай алғашқы концертіне дайындалып жүр. Осы орайда онымен таныс барша шоу-бизнес өкілдері Мәдинамен қалай танысқандарын жариялауда.

Майғазиевтің айтуынша, Мәдинаны алғаш көрген кезде ол онымен амандасудан жүрексінген. Себебі Сәкен ол кезде аты дүркіреп тұрған «МұзАРТ» тобының әншісі емес, қарапайым ғана студент.

«1996 жылғы “Жас қанат” байқауында көрермен көзайымына айналып үлгерген Қызылордадан келген қаршадай ғана қылықты қызды мен де сүйіп тыңдай бастадым. “Айтшы жаным, жан сырыңды жасырма…” деген әні танымал туындылардың (xит) тізімін толықтырып тұратын. Бір күні “Алматушкада” Рашид Ботбаев продюсерлік ететін “Музыкальный вояж” тележобасының кезекті түсіріліміне бардым. (Сол кезде мені жетектеп жүрген ешкім жоқ, өнерге деген құштарлық қой). Мен ішке еніп келе жатсам Мадина Сәдуақасованың өзі шығып келе жатыр. (Орысша шүлдірлеп) Амандасайын десем сәлемімді алмай қоймай ма деген де қорқыныш жоқ емес. Өйткені мені танымайды ғой. Ол кезде “МузАРТ” жоқ, РЭЦК студентімін. Не керек, мен: “Саламатсыз ба? Ол: “Здрась!”- пен алғашқы ұшырасу аяқталды», – деп жазды Майғазиев желідегі парақшасында.

Одан кейін Майғазиев Сәдуақасованы екінші рет Астанада әскери оркестрде қызмет атқарып жүрген кезінде көргенін айтты.

«Сәкең “МузАРТ”-тың мүшесі. Адам баласын алаламайтын, жан баласын жатсынбайтын Мадикошпен әңгімеміз жарасып кетті. Содан бері сыйластығыз сейілген емес. А-а-ал, менің жарыммен жолыға қалса жарты сағатсыз тарқаспайтыны тағы бар», – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Бала күнінде Мәдинаның кассеталарын сатып күн көрген продюсер онымен бірге ән айтты (видео)

20 жастағы Мәдина Сәдуақасова: әнші қандай болды? (видео)

Қайрат Нұртас халық әнін «бұзып» айтқан Қайрат Түнтековті сынады

Шетелдік хит әндерге жердің шаңын шығарып билеген Әбдірайымов таңқалдырды (видео)

Талқылау