Қайрат Нұртас халық әнін «бұзып» айтқан Қайрат Түнтековті сынады

Сейсенбі, 18 Қазан , 2016 10:16

Қайрат Нұртас қазақтың халық әндерін заманауи түрде өңдеп айтатын әншілерге назын айтты. Әншінің айтуынша, қазақтың тарихынан сыр шертіп тұратын, халқымыздың исі аңқып тұратын әндерді өзгертіп орындауға ешкімнің құқығы жоқ.

2 Кайрат

Бұл туралы КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ол жерде иісі бар, қазақтың бүкіл тарихы бар. Сондықтан халық әнін бұзып айтудың қажеті жоқ. Оған түбегейлі қарсымын», – деп атап өтті Қайрат Нұртас. Одан кейін әнші «Наз қоңыр» әніне сан түрлі милизмалар қосып айтқан Қайрат Түнтеков туралы өз ойын білдірді:

«Ол әнге жараспайтын сияқты. Қайрат енді аға бауыр ғой маған. Ол өте талантты, өте мықты әнші. Шетелдік әндерді өте мықты орындайды. Өзім Қайратты қатты жақсы көремін. «Наз қоңырды» да өте керемет айтқан. Бірақ, меніңше, ол әнге кішкене жараспайтын сияқты».

Ал жаңашыл жастарды қолдап жүретін аға буын өкілі Ақжол Мейірбеков: «Жаңадан өңдеп, шығарып, заманымызға лайықты қылып айтты. Оған ешкім ұрысқан жоқ. Оны қазіргі таңда жастарымыз қайталап, өңдеп айтып жатыр. Жаман емес», – деп пікір білдірді. Гүлнұр Оразымбетова болса халық әндерін орындаған кезде, ең бастысы, оның әуенін, сосын сөзін бұзбау керектігін алға тартуда.

«Біз оны қазір бұзып алсақ, кейінгі ұрпаққа сол бұзылған күйі кетеді», – дейді ол.

Есесіне Түнтековтің өзі «менің орындауымнан кейін «Наз қоңыр» әнін жастар жаппай тыңдай бастады» дейді.

«Көбісі, иә, қарсы да шыққан. Қазақтың халық әні «Наз қоңырды» неге олай бұзды? Бірақ былай қарасаңыз, бүкіл жастар «Наз қоңырды» жаппай тыңдап кетті. Сондықтан жаңаша стильді алып келу керек деп ойлаймын. Бірақ абайлап алып келу керек. Себебі біздің халық тез қабылдай алмайды. Оны ақырындап үйрету керек. Мен мысалы үйретіп алдым. Ел араб тілінде, француз тілінде ән айтатынымды біледі», – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртас дуэт жаздырды

Қайрат Нұртас: “Жұбатуға арналады” деген әнім шықпай жатып хит болды (видео)

Әуелбекова дүниеге келмеген сәбиіне сын айтқан желі қолданушысына жауап берді

Бір-біріне үздіге қарап тұрған Болманов пен Асардың суреті қызу талқыға түсті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар