Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртас дуэт жаздырды

Қазақстандағы ең танымал әншілер – Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртас бірігіп ән жаздырды. Әзірге жаңа туындының атауы да, тыңдарманға нақты қашан ұсынылатыны да белгісіз.

кайр

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Дуэт» жазылды. Алла қаласа сіздерге ұсынамыз», – деп жазды Беспаев желідегі парақшасында. Ал Қайрат Нұртас Мейрамбек Беспаевпен бірге ән айқанына қатты қуанған ұқсайды. Өз сөзінде ол бұл күннің оның өмірінде алар тарихи мәні бар екенін атап өтті.

Тыңдармандар қос әншінің жаңа туындысын асыға күтуде. Көпшілік екеуінің де қазақ өнері тарихында өшпестей із қалдырғанын айтып, жаңа туындының сөзсіз хит болатынына сенім білдірді.

Жіберіп алмаңыз: 

Мейрамбек Беспаев: Мархаббаттың шайы тәтті еді, қазір келінімнің шайы бал болып жатыр (видео)

Төреғали Төреәлі Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртасқа арнап өлең шығарды (фото)

YouTube-те “миллионер” атанған Дәулет Болатов Мейрамбектің назарына ілікті (фото, видео)

Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын

Талқылау