YouTube-те “миллионер” атанған Дәулет Болатов Мейрамбектің назарына ілікті (фото, видео)

Жұма, 16 Қыркүйек , 2016 12:22

Жас эстрада жұлдыздарының бірі – Дәулет Болатов әлемдік және отандық хит әндерді гитарамен орындап, ғаламторда «миллионер» атанған сирек әншілердің қатарында. 2007 жылы ашылған Дәулеттің YouTube-тегі каналын осы күнге дейін 4 миллионға жуық адам тамашалаған.

vu28x-M4Hg8

Фото: vk.com/dbolatov

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тараз қаласының тумасы халыққа «Жұлдыздар фабрикасы» жобасынан кейін танылды. Қазақылығымен, қарапайымдылығымен жұртты тәнті еткен жігіт аталмыш жобада ана тілінде сөйлеген жалғыз қатысушы болды.

X7TuKsyAjOs

Оның ғаламтордағы кавер туындыларын эстраданың жарқын жұлдызы Қайрат Нұртас байқап қалып, Дәулетті өзімен бірге жұмыс істеуге шақырған. Қайрат Дәулетпен бірге бүкіл Қазақстанды аралап концерт те берген еді.

«Қазақстанымды дүние жүзіне танытармын әлі» дейтін әнші осы күнге дейін голливуд жұлдыздарының да назарына іліккен. Энрике Иглесиас, Крис Браун сынды әлемге танымал жұлдыздар өздерінің әндерін орындаған Дәулетке Instagram арқылы оңды бағаларын берген еді. Сондай-ақ, Түркияның танымал әншісі Бурай да Дәулетіміздің өнерін жоғар бағалаған-ды. Ел арасына кеңінен танылған «Құлпынай иісі» телехикаясының саундтрегін орындаған Дәулеттің туындысы түрік әншісінің парақшасынан орын алған. Осылайша, Қазақстанда жүріп-ақ, Дәулет елімізді әлемге танытуда.

13687425_1144254742287336_1638159760_n

Енді, міне Дәулет Мөлдір есімді арумен бірге кезінде Мейрамбек Беспаев пен Сандуғаш Стамғазиева орындаған «Сен болмасаң» әніне кавер түсіріп, Беспаевтың назарына іліккен-ді. Мейрамбек жас таланттың өнеріне тәнті болса керек-ті. Дәулеттің орындауындағы «Сен болмасаң» әнін өз парақшасына жүктеген. Үш сағаттың ішінде туындыны 60 мыңға жуық адам тамашалап үлгерді. Ал пікірлердің түгелі дерлік Дәулеттің пайдасында.

«Тамаша, екеуің дуэт болып айтсаңдаршы, теледидардан көрейік», «Жігіттің даусы өте керемет екен», «Талаптарыңа нұр жаусын», «Жігіт нағыз әнші, сахнада жүргендер үлгі алса ғой», «Мейрамбектің ізбасары деуге лайық», «Дауысы керемет, Евровидениеге, шетелдерге шығаруға болады», «Дәулет Болатов, жарайсың», – дейді желі қолданушылары.

Тыңдармандардың басым бөлігі “Әгугәй” деп ән салған Дәулетті телеэкраннан жиі көргісі келетіндерін айтуда.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас: Қазақстанда тұрып мен неге басқа тілде сөйлеуім керек?

Қайрат Нұртас жаңа фильмінде жұрттан жасырған құпиясын ашпақ

Фонограммамен және жанды дауыста ән салатын жұлдыздар дауы

Айдар Байжанов: Көбіміз әлі күнге “қатыннан” қашып, “әйелді ардақтап жүрміз”

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар