Қайрат Нұртас: Қазақстанда тұрып мен неге басқа тілде сөйлеуім керек?

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек , 2016 13:16

Қайрат Нұртас журналист Ақсəуле Əлжанға Vlast.kz басылымына үшін берген сұхбатында қытай тілін қайдан үйренгендігін, не себепті саясаткер болудан бас тартқанын, анасының өз өмірінде қандай рөл ойнайтынын, Омск журналистерімен араздасуының себебін, әкесі көмектескен 500 адамның кім екенін айтып берді.

image

Фото: Vlast.kz

Ақсәуле: Қайрат, бұл сұхбаттың басты мақсаты – қазақ тілінде ойлайтын қоғамның көшбасшыларының шынайы болмысын көрсету. Көп уақыттан бері Қазақстанда екі тіл қатар дамып келеді және осы екі тілде сөйлейтін адамдардың арасында түсініспеушіліктер көп болады. Сіз әдетте сұхбатты тек қазақ тілінде бересіз. Бұл қалай болғаны? Сіз осылайша “қазақ халқына жақын” имидж қалыптастырғыңыз келе ме?

Қайрат: Жоқ, бұл имидж қалыптастыру үшін жасалып жатқан дүние емес, бұл – менің азаматтық ұстанымым. Осылайша өзіңнің кез келген іске икемің болса, кез келген тілде сөйлейтін ортаның сұранысына ие болатындығыңды дәлелдегім келеді. Ешкімнің намысына тимеймін, бар болғаны Қазақстанда қазақ тілінде сөйлегім келеді. Мысалы, Қытайда болған кезімде қытай тілінде сөйлеуге тырысамын. Ресейде орыс тілінде. Көпшілік мені орыс тілін білмейді деп ойлайды. Тіпті де олай емес!

Мен Алматыда 18 жыл тұрдым, ал мұның өзіндік әсері бар екені анық. Астанада шамамен он жыл уақыт тұрып келемін. Бұл қалаларда қазақ тілінің таралуы бірдей десек те болады. Менің орыс тілді достарым болған және олар қазір де бар. Мен орыс тілін білемін, бірақ олар менімен қазақ тілінде сөйлесуге тырысады.

Тағы да қайталаймын, мен шетелге жиі шығамын. Ол жақта ағылшын тілінде сөйлеймін. Яғни шама-шарқым келгенше сөйлеуге тырысамын. Мен Нью-Йорк қаласына барып алып өзгелердің менімен қазақ тілінде сөйлескенін талап ете алмаймын. Қазақстанда тұрып мен неге басқа тілде сөйлеуім керек? Мен жұрттың ана тілінде сөйлейтін адамдарға таң қалатынына қайран қаламын.

Ақсәуле: Сіз ағылшын және қытай тілдерін білесіз бе?

Қайрат: Қытай тілінде айтқым келген дүниені шамалап түсіндіре аламын. Мен ол жақта айлап жүріп концерт қойып, гәстрөлдік сапарларға баратын кезім болады. Сөзім жетпесе, ым-ишара тілімен түсіндіремін. (Күлді.)

Ақсәуле: Мен үшін сіздің қытай тілін білетіндігіңіз жаңалық болып тұр.

Қайрат: Өз елімде ана тілімде сөйлегім келеді. Маған орыс тілді БАҚ өкілдері сұрақтарын орыс тілінде қойып жатады. Мен өз кезегімде қазақ тілінде жауап беремін. Бұл тілдесуімізге аса кедергі келтіреді деп айта алмаймын.

Ақсәуле:  … Сіз гей-клубтар жайлы айтып қалдыңыз. Қазақстан жаһандануды айналып өте алмайды, біз – осы әлемнің кішкене ғана бөлшегіміз. Олардың бар екенін мойындасақ та, қалыптан тыс жігіттердің құқығын шектейтініміз анық.

Қайрат: Мен ешкімге шектеу қоймаймын. Алайда Қазақстанда осы үрдістің дамып келе жатқанының өзін естігеннен жаным ауырады. Бұл туралы ойлаған кезде, тіпті көзіме еріксіз жас келеді. Қалайша? Еркек, жігіт гей болуы мүмкін?

Ақсәуле: Шетелдік әншілерге еліктейтіндер туралы айтқан кезде бірден Ninety One тобы есіме түседі. Жас жігіттер өздерін K-pop стилінің өкілі ретінде таныстырып жүр. Киіну мәнерлері де қазақ эстрадасына сәл келіңкіремейді. Шаштарын түрлі түске бояп, сырға тағады. Әрине, мұның барлығы өз кезегінде дәстүрлі өнерді жақтаушылардың ашуын келтірді. Олар топ жігіттерінің киімдерін ауыстырып бергілері келді. Құдайға шүкір, жігіттер ешкімге құлақ аспай, өз жолдарымен жүріп барады. Ал сіз кімді жақтайсыз?

Қайрат: Мен олардың сырт келбетін ұнатпайтын аға-әпкелерімді түсінемін. Бір жағынан Ninety One тобын да түсінемін. Оларды шынайы өмірде көргенмін, қазақтың қарапайым жігіттері, өте тартымды әрі үлкендерге деген сый-құрметтері шексіз. Оларды сынай алмаймын. Олар сүйікті істері арқылы нандарын тауып жүр, бәлкім ата-аналарына да көмектесіп жатқан болар. Егер менен кеңес сұраса, көмегімді аямайтын едім. Жанкүйерлері оларды табиғи шаш түсімен жақсы көретін еді. (Күлді.)


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдарманы Қайрат Нұртастың саусағынан неке жүзігін байқап қалды (видео)

Қайрат Нұртас жаңа фильмінде жұрттан жасырған құпиясын ашпақ

Оралдағы Қайрат Нұртастың концертінде қыздар төбелес шығарды (фото, видео)

Қайрат Нұртас Кремльге барып ән салғысы келетін арманын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Оте дурыс

  • Анонимно says:

    Казактын балалары осындай Кайратка уксап адеми жаксы азамат болса екен.Ауыз толтырып бизде осындай азаматтар бар деп аитатын

  • Акмарал says:

    Кайрат сен оте керемет азаматсың МашАлла

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар