Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдарманы Қайрат Нұртастың саусағынан неке жүзігін байқап қалды (видео)

Қайрат Нұртас жаңа «хитті» жарыққа шығарды. Көпшілік туындының ғаламторға жүктелуін асыға күтуде.

12976149_1723327654616014_1394592817_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайрат желідегі парақшасында видео жариялап, тыңдармандарын жаңа әнімен таныстырды. Алайда әннің атауы әзірге белгісіз.

Жалпы Қайрат үнемі рекорд орнатып жүреді. Жылына жүздеген ән жаздырып, бейнебаян түсіріп, жыл сайын шығармашылық кешін дүркіретіп атап өтетін жалғыз әнші. Елорда төрінде 30 000 адамның басын қосып, бұрын-соңды болмаған концерт өткізген де – Қайрат. Ал мына бір видеоны небәрі 16 сағаттың ішінде 120 мыңға жуық адам тамашалапты.

Оқырмандардың көпшілігі әннің қалай аталатынын және қайдан табуға болатынын сұраған. Желі оқырмандары Қайраттың жаңа туындысына “кезекті хит” деп баға берді. Ал бір желі қолданушысы Қайраттың саусағынан неке жүзігін байқап қалды.

Жеке өміріне қатысты ақпаратты құпия ұстайтын Қайрат бұл жолы ұсталып қалғандай. Күні кеше Қайрат Нұртастың фильм түсіріп жатқанын, онда әнші ел білмейтін құпиясын жария ететінін хабарлаған едік. Бәлкім сол құпияның сыры осы неке жүзігімен байланысты шығар?! Оны жақын арада білетін боламыз.

Жіберіп алмаңыз: 

Оралдағы Қайрат Нұртастың концертінде қыздар төбелес шығарды (фото, видео)

Қайрат Нұртас Кремльге барып ән салғысы келетін арманын айтты

Қайрат Нұртастың күзетшілері Нюшаны тыңдарманынан қорғап қалды (видео)

Қайратқа өлең арнаған бүлдіршінді жұрт әншінің өзіне ұқсатты (фото)

Талқылау