Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас Кремльге барып ән салғысы келетін арманын айтты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың хит әндеріне неге шетелдіктердің аңсары ауған? Ал, концертін дүркіретіп “шоу” қылып өткізетін әншінің ендігі арманы не?

OpzozLHmBuE

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бүгінде Қайрат танымал әрі қалталы әнші. Өзін осы бір  деңгейде ұстап тұру  үшін Қайрат жарнаманың түрлі амалдарын  үйренген. Үлкен шаһарларда жеке кештерін “шоу” қылып өткізсе, аймақтарда “қымбат костюмін” лақтырады, ал ауылдарда “қайырымдылық шараларын” жиі ұйымдастырады.

Оған қоса, Қайраттың өнерін қайталағысы келіп, оған еліктейтіндер қаншама. Сондықтан болар, әнші инстаграм парақшасы арқылы ән байқауларды жиі жариялайды. Жақында жариялаған сайысының шарты бойынша әншінің хит әндерін сезіммен, жүрекпен орындап шықса болғаны екен.

“Жеңімпаз менімен бірге караокеде ән салады, Алла басына бақ берсе менімен бірге дуэт айтып  үлкен сахналарға да шығуы мүмкін”, – дейді әнші.

Ал, арасынан суырылып шыққан өнерлілерін әнші өзінің продюсерлік орталығына да алуы мүмкін.

“Сондықтан менің әндерімді орындап айтыңыздар”, – дейді Қайрат.

Байқау қыркүйек айының ортасынан дейін жалғасады. Қапы қалмаңыздар!  Айтпақшы, Қайраттың хит әндерін жас өнерпаздар елімізде ғана орындап жүрген жоқ. Көрші ел: Ресей, Әзірбайжан мен Белорусияда айтып жүргендер жетерлік екен. Тіпті, Ресейдің мына бір әншісі «Мүмкін емес» әнін орысша аударып оған «ты не со мной» деген атау беріп,  бейнебаян да түсіріп алыпты.

Қайраттың Нюшамен айтқан дуэті талайлардың көңілінен шыққаны сонша, қазақтың тойларына бірге шақыратын болған.

Дегенмен, әншінің арманы заңы қатал Ресейдің шоу-бизнесін бағындыру екен. Арманын іске асыру үшін әркеттеніп те жүр. Жақында Мәскеуде жеке кешін беріп қайтқан. Ендігі жоспары Кремльде зал толтыру.

“Арманым – Кремльге барып кеш беру. Известие деген жерінде бердім. Онда үш мың адам сияды. Ал, Кремльдегі залға 7 мың адам сияды. Аржағында 4 мың адам жинау қиын емес деп ойлаймын”, – дейді әнші Қайрат Нұртас.

Әрине, еңбекқор әншіге қиын болмайтынына сенімдіміз.

“Жалпы мен дайынмын. Мен шет тілінде де ән сала аламын. Орыс тілінде де ән сала аламын. Мүмкін сол елдің танымал әнін сол тілде орындайтын шығармын. Бірақ, әзірге білмеймін”, – дейді әнші.

Қайраттан үнемі жаңалық күтетін көрерменге әншінің жаңалығы да бар екен. Жақында, яғни қараша айында жеке кешін өткізбек. Әзірге жұлдыз қайда, қалай болатынын құпия ұстауда.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Шымкентте Нюшамен қосылып ән айтты (видео)

Қайрат Нұртас пен Нюша қазақ тілінде ән салды (Видео)

Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)

Қазақстандық жұлдыздардың ресейлік достары (видео)

Талқылау