Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздардың ресейлік достары (видео)

Қазақстандық жұлдыздар шетелге шығып ән айтпаса да, оларды өз елдеріне шақырып қонақ қылғанды жақсы көреді. Бірігіп ән жазып, бейнебаян түсіріп, гәстрөлдік сапарларға бірге шығады. Осы серіктестіктерінің арқасында қарым-қатынастары достыққа ұласады. Олай болса, кімнің қай жұлдызбен дос болып жүргенін бірге анықтап көрейік.

pINX_S-MDBk

Фото: 1080.plus

Қайрат Нұртас пен Нюша

Бірнеше жыл бұрын жұрт бұл екі артистің қатар тұрып ән салуы мүмкін екенін елестете алмайтын еді. Стильдері де, мәдени ортасы да, тыңдармандары да бөлек. Алайда өткен жылы Қайрат Нұртас пен Нюша бірігіп қайырымдылық концерт өткізген болатын. Ресейлік әнші қазақ тілінде ән салған болатын. Бұдан кейін екеуі Қазақстандағы түрлі тойға шақырту алып, тағы да бірге өнер көрсетті.

Анатолий Цой мен Анна Седакова

Анатолий Цой мен Анна Седакованың достығы “Хочу к Меладзе” жобасынан бастау алды. Седакова Цой ән салған топтың жетекшісі болған. Олардың қарым-қатынастарының тығыздығы соншалық, жұрт араларында махаббат отының тұтанғанын айтып жатыр.  Мұны өздері де жасырмайды.

Диана Шарапова мен Сергей Зверев

Жұлдыздардың арасындағы достықтың арқасында Сергей Зверев те қазақша ән салған болатын. Диана Шарапова екеуі бірігіп “Жаңа жылдық балл” атты әнге бейнебаян түсірді. Артынша осы әнге бола қазақстандық әнші мен Алл Давай тобының жігіттері соттасқан болатын. Ал Шарапова мен Зверевтің қарым-қатынасы осы күнге дейін жақсы. Олар мереке кезінде бір-бірін құттықтап, сыйлық жіберіп тұрады. Сергей Зверев Өскемен қаласында туып-өскен.

Луина мен Слава Басюл

Қазақстандық әнші Луина өткен жылы “Хочу к Меладзе” шоуының қатысушысы Слава Басюлге ерекше қолдау көрсетті. Артист Алматыға келіп концерт қойған болатын. Әлеуметтік желідегі видеолардан олардың қарым-қатынасының ерекше екенін байқауға болады. Екеуі желідегі тыңдармандарын қуанту үшін Игорь Николаевтың “Бес себеп” әнін орындаған болатын. Енді олардан ауқымды жобалар күтеміз.

Айқын Төлепберген мен Сосо Павлиашвили

Қос әншінің достығының арқасында “Әр күні” атты тамаша туынды дүниеге келді. Аталған бейнебаянға заңды жұбайларын түсірді. Айқын Сосоның арқасында қазақстандықтарға алғаш рет келіншегін көрсетті. Түсірілім кезінде Әселдің аяғы ауыр болған. Жуырда Павлиашвили қазақстандық тағы бір әнші Әдемімен бірігіп ән салмақ.

Артұр Төлепов пен Алексей Воробьев

Актер Артұр Төлепов жуырда қазақстандықтарды қатты таң қалдырған болатын. Себебі, жұрт оның осы күнге дейін кәсіби деңгейде ән айта алатынын білмейтін. Мұнымен қатар, алғашқы бейнебаянына ресейлік актер Алексей Воробьевті түсірді. Бастапқыда жұрттың назарын аударту үшін осылай жасады деген ой келді. Алайда Воробьев досының бейнебаянына түсіп қана қоймай, әннің мәтіні мен әуенін де жазған екен. Яғни Төлеповтың қазақстандық шоу-бизнесте біраз ілгерілеуіне тер төккен.


Жіберіп алмаңыз:

Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар

Қазақ сахнасындағы шаңырағы шайқалған жұлдыздар

Қазақстандық жұлдыздар Алматыдағы атыста қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Қазақстандық жұлдыздар: Кімнің жасы үлкен?

Талқылау